Қазақстан өзінің қаржылық жағдайын күрт жақсартып алды және басқаларға қарағанда «күлшелі» мемлекетке айналып келеді. Ол біздің болашағымызға деген сенімді нығайта түсті, дейді экономика сарапшысы Айбар Олжаев.
Профициттеміз
Айтуынша, 2022 жылдың 9 айының қортындысы бойынша төлем балансының ағымдағы шоты 7,9 миллиард доллар профицит көрсетіп тұр. Мысалы, пандемиядан шықтық деген өткен жылы (2021 жылдың 9 айы) ағымдағы шот 5,6 миллиард доллар дефицитте жатқан болатын.
Биыл тауар экспорты өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 47,9 пайызға өсті. Бұл экономикаға үлкен қолдау. Үш тоқсан ішінде 63,9 миллиард долларға тауар экспорттадық. Әрине, ол көлемге мұнайдың арқасында қол жеткізгенімізді мойындау керекпіз. Мұнай мен газ конденсатының осы экспорттағы үлесі 36,4 миллиард доллар болды,
дейді ол.
Сарапшының мәліметінше, импорт 16,4%-ға өскен. Биылғы импорт 34,6 миллиард долларды құрады. Экспорттың импортқа қарағанда көбірек өсуі осы төлем балансының оң сальдосына әкеліп отыр.
Сондай-ақ ол импорттан қорықпау керек деген пікірде. Бізге нағыз керек импорт: құрал-жабдықтар, станоктар, арнайы техника, бөлшек құралдар. Шикізат түрінде келетін импорт көбейсе, онда біздің қайта өңдеу саласына қан құйылып жатыр деген сөз, дейді ол.
Сыртқы қарызсыз өмір сүру мүмкін емес
Экономист Қазақстанның сыртқы қарызы басқа мемлекеттермен салыстырғанда көп емес екенін айтты. Оның нақты көлемі ішкі жалпы өнімдегі үлесімен есептеледі.
Қазіргі ІЖӨ 95 триллион теңгеден асады десек, сыртқы қарыз ІЖӨ-нің 24% межесінде тұр. Сыртқы қарызды сатылап азайту бойынша Үкіметтің өз жоспары бар. Бірақ бір демде қысқартып тастай алмаймыз,
дейді Айбар Олжаев.
Оның себебі бейресми ойын ережелерінде.
Мысалы, бізге Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, ЕБРР сынды азулы халықаралық ұйымдар ұсынатын қарыздан бас тартуға болмайды. Ол «дурной тон» және ешкімнен қарыз алмаймыз деп теріс айналып жабылып қалсақ бізді халықаралық қаржы нарығы тусовкасынан шеттетіп тастайды. Сондықтан беріп тұрған қарызын сыпайы түрде қолдарын қақпай алып жүрміз. Есесіне, бізге АҚШ пен Еуропаның көзқарасы түзу болады,
деген пікір айтты Олжаев.
Қараша айы неге өте маңызды?
— Қараша біздің экономиканың нақты температурасын өлшейтін уақыт, — дейді сарапшы. — Осы айдың статистикасы негізінен жылды айқындайды.
Биылғы қараша — сайлауды былай қойғанда, Қарашығанақтағы мұнай өндірісінің қайта жандануымен, КТК құбыр/танкер тасылымының сәл де болса реттелуімен, елде тұңғыш рет автокөлік ковриктерінің жасала бастауымен және маңызды логистикалық жобалардың басталуымен ерекшеленеді,
дейді ол.
Айтуынша, базалық ставка өскендіктен қараша қортындысы бойынша инфляция төмендейді деген ойлар да бар.