Қоғам

Қазақстан билігі ескі көлік жүргізуге тыйым сала ма?

Депутаттар ауаны ластайтын және шу деңгейі тым жоғары машиналармен күресті күшейтуді ұсынды.

Әкімшілік кодекске өзгертулер енгізу туралы ұсынысты мәжілістің жұмыс тобы қарастырып жатыр. Жағдайды толық түсінбеген кейбір басылым елдегі бүкіл ескі көлікке тыйым салынады деген тақырыппен мақала жариялады.

Kolesa.kz редакциясы үрей тудырған жаңалық дұрыс емес екенін анықтады. Депутаттар Сергей Пономарев айтқан Әкімшілік кодекстің 797-бабына енуі мүмкін өзгерістерді талқылап жатыр.

Халық қалаулысы бапты түзетуді және ауаны ластайтын немесе шу деңгейі жоғары машинаны анықтаған кезде (797-баптың тізімінде көрсетілген Әкімшілік кодекстің 334-бабы) қазіргідей немесе 10 АЕК айыппұл салып қана қоймай, ақауды түземейінше көліктің тіркеу нөмірін шешіп алуды ұсынды. Ал бір жыл ішінде заң бұзу екінші рет қайталанып, жүргізуші тәртіп сақшыларының көзіне түссе, көлік айыптұраққа кетеді.

Газ шығару жүйесі стандартқа сай келмейтін және шу деңгейі жоғары автомобильдермен күресті күшейту туралы сөз болды. Депутат ұсынып отырған Әкімшілік кодекстегі өзгертулердің екінші бөлігі шикі сияқты. 797-бапта көрсетілген «кідірту себептерi жойылғанға дейiн» көлікті айыптұраққа жіберу бұл жағдайда автомобильдің лас, улы түтін шығаратын немесе шу деңгейіне жауапты жүйесін жөндеуді немесе реттеуді қамтиды. Машина айыптұрақта тұрса, оны түзеу мүмкін болмайды.

Сонымен қатар депутат Пономарев «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаудың себептері мен негіздерінің қатарына белгіленген нормадан асатын атмосфераны ластайтын заттардың артық құрамын тіркейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу аспаптарын қосуды» ұсынды.

Жақында Алматыда арнайы экосезгектер қозғалыстағы автомобильдің ауаны ластау деңгейін тексере бастады. Бірақ аспап айыппұл жаза алмайды. Әзірге мониторинг нәтижесін полицияға беру ғана жоспарланып отыр, осылайша тәртіп бұзушы анықталып, полиция қызметкері оны тоқтатып, экопостқа жібере алады. Депутат жүргізушілерді жазалауды электроникаға тапсыруды ұсынып отыр, ал бұл мұқият зерттеуді қажет ететін сияқты. Ең маңызды сұрақ — аспаптар жүргізушінің кінәлі екеніне 100% кепілдік бере ме? Оның көрсеткіштері қаншалықты дұрыс? Мәжілісмендер Әкімшілік кодекске түзету енгізуге асықпағаны жөн.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago