2022 жылғы қаңтар-шілде айында Қазақстан Еуропаға 6,4 млн тонна көмір экспорттады. Бұл — көмір жеткізудің рекорд көлемі.
Қазақстан 7 ай ішінде Еуропаға 371,8 млн USD сомаға 6,4 млн тонна көмір жіберген.
Мысалы, 2021 жылғы толық еуропалық бағыттағы жеткізілім көлемі 5,2 млн тонна болды. Былтырға дейін экспорттың жылдық көлемі 4 миллион тоннадан аспаған.
Биыл Еуропадағы көмірді негізгі импорттаушылар: Швейцария (4,5 млн тонна), Польша (723 мың тонна), Кипр (687 мың тонна) және Бельгия (213 мың тонна). Сондай-ақ, Болгария, Ұлыбритания, Лихтенштейн, Румыния, Латвия елдерінен де сатып алушылар бар.
