Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > Қазақстан-Финляндия ойынында Нұрлан Қоянбаев көрермендерге 20 мың Ту таратты
Атақ және ақша

Қазақстан-Финляндия ойынында Нұрлан Қоянбаев көрермендерге 20 мың Ту таратты

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 08.09.2023
Обновлено 08.09.2023 в 03:09
Поделиться
Поделиться

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Астанада өткен Қазақстан мен Финляндия ойынында 20 мыңға жуық Қазақстан Туын таратты. Massaget.kz тілшісі Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасып, бұл идея қалай келгенін сұрады.

Әлеуметтік желілерде «Астана Аренада» өткен Қазақстан мен Финляндия арасында өткен ойынның видеолары тарап жатыр. Онда алаңның көк түске боялғаны, көрермендердің бірауыздан қолдау көрсеткені байқалады. Сондай-ақ, әр таймның отызыншы минутында рух беретін «Атамекен» әні де шырқалған.

Бұл іс көпшілікті тәнті еткен. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Қазақстан құрамасы бұл кездесуде жеңіліс тапса да, дәл осы іс құрамаға да, жанкүйерлерге де командалық рух бергенін айтқандар табылған.

«Нұрекең, молодец, ылғи осындай патриоттық тәрбие іс жасаумен айналысады», «Қазақ футболын дамытып, көтеріп жатқаныңызға рахмет», «Қолдауда мін жоқ енді!!! Алға Қазақ елі!», «Керемет Түркияның стадионында отырғанындай болдым, олар тумен отырады ғой», «Ештеңе етпейді, жақсы мотивация келесі ойынға, қандай жағдай болса қолдаймыз, біз біргеміз», — деп жазды әлеуметтік желідегілер.

Нұрлан Қоянбаев ту тарату туралы идеяны бірнеше ай бұрын бастағанын, шет елдерге тапсырыс бергенін айтады.

3 ай бұрын дайындалдым. Қазақстан құрама командасы ойындары күзде болатынын білемін. Көк Туларды сатып алып таратайын дегенмін. Қарасам Қазақстанда ондай жоқ екен. Бір дүкенде 100-і бар, екінші дүкенде 70-і бар. 30 мың, 20 мың жоқ екен. Шетелден тапсырыс беріп тіктірттік. Жан-жақтан тіктірттік. Алматыдан да, Түркиядан да, Қытайдан да тіктірттік. Кеше алып келдік. Зорға үлгердік. 20 мың ту тараттық,

дейді Нұрлан Қоянбаев.

Нұрлан Қоянбаев бұл іске қанша қаржы жұмсалғанын да айтты.

Жолымен 50-60 мың доллар кеткен шығар. Қазақстанның стадионы әдемі болсын деген арманым болды,

дейді ол.

Әлеуметтік желіде тегін таратылған тулар кейін сатылғаны туралы да ақпарат тарап жатыр.

Тегін таратылған туымызды 10-15 штуктап алып, стадионның алдында сатып жүрген ишактарда ұят жоқ!

деп жазды желідегілердің бірі.

Нұрлан Қоянбаев тулардың бәрі тегін таратылғанын, сатып жатқандар басқа адамдар болуы мүмкін екенін жеткізді.

Басқа ойындарда, хоккейде ту сатады ғой. Сондай адамдар шығар. Негатив іздейтіндер ғой. Сататын адамдар хоккейдің алдында да сатады ғой. Ту тарату бірліктің қадамы ғой. Кез келген үлкен жарыс — мереке. Халыққа мереке сезілуі керек,

деп түйіндеді Нұрлан Қоянбаев.

Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұпай еншілей алмағаны хабарланған еді. «Астана Аренада» өткен ойында қонақтар 0:1 есебімен жеңіске жетті.

Анара Бауыржанқызы 08.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?