«Қазақстан халқына» қорының ақшасы қайда кетеді?

Қазір сарапшылар түскен 130 млрд теңгені қайда жұмсау тиімді болатынын шешіп жатыр.  Олар  қаражатты денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және спорт салаларындағы қайырымдылық шараларына барынша тиімді жұмсауды көздеп отыр.

Қазақ менталитеті

Жақында белгілі болғандай, қор өз жұмысын бастағаннан бері 40 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Халықтың талпынысы жаман емес. Олар қордың ақшасына несиелерін жауып, той тойлағылары келетінін жасырмайды. Не дейміз, қазақ менталитеті.

Алайда халықтың  көңілі су сепкендей басылды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішов  азаматтардың жеке қажеттіліктеріне ешқандай қаражат бөлінбейтінін кесіп айтты.

«Құрметті азаматтар, несиені қалай алсаңыздар, солай қайтарыңыздар. Басқа ешнәрсе айта алмаймын,

деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, ақпан айында «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры қазақстандықтарға көлік сатып алуға, той тойлауға немесе несиелерін өтеуге қаражат бөлуді жоспарламағанын жариялаған.

Келіп түскен ұсыныстар тізбегі:

Әлеуметтік балама

Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын ашу. Мұндай орталықтарда белгілі бір диагнозы бар немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған әртүрлі жастағы адамдар өмір сүре алады.

«Алматы қаласы осындай әлеуметтік орталықтарға зәру»,- дейді «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Алтынай Көбеева. Оның ұсынысы мынандай – қиын өмірлік жағдайға тап болғандар үшін 2-3 ай тұруға мүмкіндік беретін әлеуметтік орталық ашу.

Егер сіз қиын өмірлік жағдайға тап болған ана болсаңыз, бірақ сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болмасаңыз, сізді  дағдарыс орталығына жібермейді. Онда балалармен тұруға жағдай жоқ. Бұл жағдайда, өкінішке орай, сізге ешқандай көмек көрсетілмейді,

деп түсіндірді Алтынай Көбеева.

Мұндай орталықтарда зейнеткерлер, ардагерлер және оларға теңестірілген азаматтар да өмір сүре алады.

Шынықсаң – ел боласың

Қазақстандық күш сынасу экстримінің спортшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми елшісі Сергей Цырульников спортқа бағдар алу керек дейді. Ол еліміздің телеарналарында спортты насихаттайтын  түрлі шоу-бағдарламалар ашуды ұсынып отыр.

Еуропа елдері мен Американың тәжірибесіне сүйенсек, баланың спортқа деген көзқарасын қалыптастыратын және оған дұрыс  бағыт-бағдар беретін  керемет тәсіл — дәл осындай ақпараттық контент. Өкінішке орай, бізде бұл жоқ,

деп түсіндірді Цырульников.

Әлемдік рекордстмен контент жасауды өз қолына алуға дайын. Оның айтуынша шоудың бір шығарылымына шамамен 4 млн теңге қажет.

Сондай-ақ, спортшы «100 ауыл» жобасын қаржыландыруды қарастыруды ұсынды. Аталмыш жоба ауыл балаларының спортпен шұғылдануға ынтасын арттырады. Ал көптеген ауылдық мектептерде қарапайым спорттық құрал-жабдықтар мен басқа да заттар жетіспейді. Бір ауылды жабдықтауға 400 мың теңге қажет.

Мәдени көзқарас

Роза Бағланова атындағы республикалық «Қазақконцерт» концерттік ұйымы директорының орынбасары Серік Нұрмолдаев «Қазақстан халқына» қорына симфониялық оркестрлер үшін дыбыс жазу студиясын құру жобасына демеушілік көрсетуді ұсынды.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда мұндай студиялар жұмыс істемейді. Өйткені бөлінетін қаражат жоқ. Нәтижесінде он жыл бұрын құрылған топтар, оркестрлер мен хорлар концеттерін жаза алмай әуре.

«Бізде ғасырлар бойы хор, симфония бағытында елеулі еңбек атқарып, даму жолында келе жатқан білікті мамандар бар. Біздің ұрпақ бәрін тыңдап, бойға сіңіріп өсті. Ал болашаққа не қалдырамыз? Оркестрлердің өнерлерін жаза алмаймыз, тіпті альбом да шығара алмаймыз. Оны концерттерде көрсетуге миллиондаған қаражат қажет,

деп мұңын шақты ол.

Нұрмолдаев Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» орталық концерт залы базасында бірегей дыбыс жазу студиясын құруды ұсынып отыр.

Сонымен қатар, мұражайлар мен театрларға бару жолын жеңілдететін мектеп картасын жасау идеясы да ұсынылды. Бұл идеямен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова бөлісті. Карта  Ресейдегі «Пушкин картасы» негізінде жасалуы мүмкін.

Жанашыр халық қайырымдылық бағдарламалар бойынша өз ойларын ортаға салса болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

19 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago