Categories: Саясат

Қазақстан Халық партиясы мүшесін «сатқын» деп айыптаған Арман Шораевты сот кінәлі деп таныды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Шораевты ҚХП атынан кандидат Нұрия Балтабайқызының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы мәжіліс депутаттығына үміткер Шораев өзінің Facebook парақшасында жазды. Сот оны ҚР ӘҚБтК 104-бабы бойынша Қазақстан Халықтық партиясынан кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп тапқан.

Шораев сот шешімімен келіспейтінін айтып, қарсы шағымданатынын жеткізген. 

Қаулы әлі заңды күшіне енбеген. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейін. Шораев осы мерзімнің ішінде өзін сайлаудан шеттету қаупі бар екенін жасырмайды.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, оның кінәсі заңды күшіне енген сот актісі ретінде танылғанға дейін адам кінәсіз болып саналады. Демек, 2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ. Енді №2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалады,

дейді белсенді.

Шораев бұл оқиғаларды өзін сайлауға түсірмеу үшін жасалып жатқан әрекеттер екеніне сенімді.

Айта кетейік, Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан Коммунистік Халық партиясы) қоғам қайраткері, мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевты сотқа берген. Нақтырақ айтсақ, партия мүшесі Нұрия Балтабайқызы Шораевтың өзін “сатқын” деп атағанын желеу етіп, сотқа арыз түсірген. 

Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызының сотқа шағымдануына Арман Шораевтың 2023 жылғы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы түрткі болған. Шағым беруші Балтабайқызы Арман Шораевты желіде «Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап», оны «сатқын» деп атағанын, осы жазба бұл партияның мүшесі ретінде ар-намысына тигенін айтқан.

Арман Шораев Қазақстан халық партиясының мүшесі Ермұхамет Ертісбаев пен Ресей журналисі Владимир Соловьевтың видеосұхбатынан кейін «Бұл сатқындарға дауыс бермеңдер!» деген сөзді айтқанын мойындайды және бұл сөзінен таймайтынын жеткізген.

Ермұхамет Ертісбаев басқаратын Қазақстан халық партиясы парламент сайлауына түсіп отырған жеті партияның бірі екенін айта кетейік.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago