Субвенция өңірлердің кірісін толықтырудың негізгі көзіне айналды.
Zertteu Research Institute қоғамдық қоры эксперттері Қазақстан аймақтарының субвенцияға қалай тәуелді екенін айтып берді. Жоспарланған шығын жоспарланған кірістен асып кетсе, онда жергілікті бюджетке субвенция белгіленеді.
Субвенция – жергілікті атқарушы органдарды немесе экономиканың жекелеген салаларын республикалық бюджеттен қайтарымсыз қаржыландырудың бір түрі.
Төменде өңірлер бойынша субвенция көрсеткіштері берілген. Пайыз жоғарылаған сайын республикалық бюджетке тәуелділік соғұрлым жоғары болады.

Эксперты указывают, что субвенции стали основным источником пополнения доходов регионов. Их доля достигает 98% всех поступлений регионального бюджета. Финансовая несамостоятельность областей является показателем того, что в сфере финансирования требуются реформы.
Эксперттер субвенция өңірлер кірісін толықтырудың негізгі көзіне айналғанын айтады. Олардың үлесі облыс бюджетінің барлық кірісінің 98%-іне жетеді. Облыстардың қаржылық әлсіздігі қаржыландыру саласында реформалар қажет екенін көрсетеді.