Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстан Италияға жалпы құны $900 млн болатын өнім экспортын арттырмақ
Экономика

Қазақстан Италияға жалпы құны $900 млн болатын өнім экспортын арттырмақ

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 06.09.2023
Обновлено 06.09.2023 в 11:09
Поделиться
Поделиться

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Италия Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Антонио Таянимен кездесті.

Тараптар машина жасау, энергетика, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектор, білім беру және басқа да салалар бойынша ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр Италия Қазақстанның әлем бойынша ірі үш сауда серіктесінің бірі екенін және Еуропалық одақ елдері арасында бірінші орында тұрғанын атап өтті. Атап айтқанда, былтыр екіжақты тауар айналымы 55%-ға жуық артып, шамамен $15 млрд-қа жетті.

Дегенмен тауар айналымын одан әрі арттыруға әлеуетіміз жеткілікті. Біз Италияға жалпы құны $900 млн-нан асатын қазақстандық 110 тауар өнімінің экспортын арттыруға дайынбыз, 

деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы атап өткендей, Италия Еуропалық одақ елдері қатарынан Қазақстан экономикасының тұрақты ірі инвесторлар бестігіне кіреді. Соңғы 17 жылда жалпы тартылған инвестициялар көлемі $7,3 млрд-қа жетті. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шамамен 2,5 есе өсіп, $300 млн-ға жуықтады.

Елдеріміз арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл жаңа бірлескен жобалармен нығая түсуде. Біз бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз, 

деді Премьер-Министр. 

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Италия елшілігінің Астанадағы жаңа кеңсесінің ашылуына қолдау білдірді. Бұл іскерлік байланыстарды орнатуға ауқымды үлес қосып, өзара сауданың дамуына тиімді әсер ететінін атап өтті. 

Өз кезегінде Антонио Таяни Италия Қазақстанмен жан-жақты, әсіресе сауда, энергетика және өнеркәсіп бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты. 

Біз Италияда бірлескен кәсіпорындарды, жаңа қазақстандық компанияларды ашуға дайынбыз. Сондай-ақ кәсіпорындарымыз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететін Іскерлік кеңес құруға ниеттіміз, 

деді ол.

Сондай-ақ Антонио Таяни Италия Қазақстандағы сауда-саттыққа, оның ішінде  киім өндірісіне қатысуын арттыруға мүдделі екенін жеткізді. Сонымен қатар ол Алматыда жаңа итальяндық мәдениет институтын ашудың маңыздылығын атап өтті. Бұл екі ел арасында студенттер алмасуды арттыруға мүмкіндік береді.

Анара Бауыржанқызы 06.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамЭкономика

Қазақстанда тозған көлік көбейіп кетті

04.06.2024
Экономика

Қазақстанда баспана арзандап жатыр

03.06.2024
ҚоғамЭкономика

Samsung Қазақстанда кір жуатын мәшине, теледидар шығаруы мүмкін

28.05.2024
Экономика

Жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салатын заң кері қайтарылды

23.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?