Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингісінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдердің рейтингісінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-орынға тұрақтады. Еліміздегі көлік қозғалысы индексі 133,9-ға тең. Индекс бойынша жол жүру уақыты, ұзақ жүруге байланысты қанағаттанбау, қозғалыс жүйесіндегі тиімсіздік және СО2 тұтыну бағаланады.
Рейтинг бойынша, ҚР азаматтары жұмысқа (бір бағытқа ғана) 34,73 минутта барады. ҚР-дағы СО2 шығарындылары индексі — 4 119,35. Бұл — жұмысқа барып-қайтқандағы (екі бағыта) СО2 шығарындысы бағалауы.
ТМД елдері ішінде Ресей, Әзербайжан және Украина* көрсеткіші Қазақстаннан нашар, ал Беларусь көрсеткіші бізден жақсырақ болып шықты.
Ең қарқынды қозғалыс Нигерияда, Коста-Рикада және Шри-Ланкада тіркелді, ең жақсы көрсеткіштер Аустрияда, Финляндия мен Эстонияда екені белгілі болды.
*Украина мәртебесі бірқатар себепке байланысты ТМД-да даулы болып тұр.

Биылғы қаңтар–шілде айларында ҚР-да көлік-логистика секторының негізгі капиталына салынған инвестициялар 593,4 млрд теңге болды, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда құн мәні бойынша 7,8%-ке көп (нақты көлемнің нақты өсімі — 5,2%).
Күрделі салықтың басым бөлігі Алматы қаласына түсті: 107,5 млрд теңге, жылдық өсім — бірден 65,2%. Одан кейін Алматы (64,1 млрд теңге, 17,2%-ке азайған) және Атырау (56,5 млрд теңге, 97,1%-ке көбейген) облыстары.
Салаға инвестицияның ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысына, сондай-ақ Павлодар және Түркістан облыстарына құйылды.

