Біз жалпыұлттық деңгейде көрпемізге қарай көсіліп өмір сүруді әлі үйренген жоқпыз. Мұнай долларынсыз Қазақстан өз шығындарын өтей алмайды екен.
«Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары одағының» бас директоры Нұрлан Жұмағұлов мұнай доллары қайда кетіп жатыр деп таңданады?
«2022 жылдың қорытындысы бойынша тек мұнай секторы еліміздің жиынтық бюджетіне 9 трлн теңге салық түсірді, бұл барлық түсімдердің 42,5%-ын – 21,2 трлн теңгені құрайды (бюджет пен Ұлттық қор).
МӨЗ-нан, мұнай-газ құбырларынан, мұнай кәсіпшіліктері сервистік компанияларынан түсетін салық төлемдерін қоссақ — барлық кірістің 50%-ын мұнай-газ саласы қамтамасыз етті.

Кестеден түскен қаражаттың қайда жіберілгенін көруге болады. Оның үстіне салық түсімдері мемлекеттік шығындардың тапшылығын жабуға жетпейді (банктерден 4 трлн теңге несие алуға тура келді).
Ал енді ел бюджетін мұнайдан түсетін түсімдерсіз елестетіп көріңізші?! Бір-екі жылда-ақ біз Ұлттық қордағы жинақты бітіреміз, сосын…
Тіпті елестете де алмаймын».