Қазақстан мұнайының экспорты артты

Қазақстан мұнайының үштен бірден көбі Италия мен Нидерландыға кетеді.

2022 жылғы қаңтар-мамырда битумды минералдардан алынған мұнайды қоса алғанда, шикі мұнай өндіру 31,9 млн тонна болды. Бұл 2021 жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ке артық, деп хабарлайды energyprom.kz.

Маусым айының соңында видеоконференция форматында МЭЕҰ+ (Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы) келісіміне қатысушы елдердің министрлер кеңесі өтіп, МЭЕҰ+ елдерінің тамыз айындағы өндірудің ағымдағы деңгейін тәулігіне 0,648 млн баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Қазақстанның тамыздағы міндеттемелері — тәулігіне 1,706 млн баррель.

Қазақстан Республикасында өндірілген шикі мұнайдың барлығы дерлік экспортқа шығарылады. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 25,3 млн тонна өндірілді, оның 24,4 млн тоннасы экспортталды. Бұл 2021 жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда 12,2%-ке артық. Ішкі нарықтағы сату көлемі бұл уақытта екі еседен астам, яғни миллион тоннаға дейін қысқарды.

Қаңтар-мамырда бұл ретте 30,2 млн тонна шикі мұнай және битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдері экспортталды, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,1%-ке артық. Көлемнің жартысынан астамы Италияға (8,3 млн тонна), Нидерландыға (3,3 млн тонна), Оңтүстік Кореяға (2,5 млн тонна) және Қытайға (2,2 млн тонна) жөнелтілді.

Шілдеде Қазақстан мұнайының 80%-ке дейінгі көлемін экспорттайтын Каспий құбыр консорциумында (КҚК) тағы да проблемалар туындағаны еді. Дегенмен қазір жағдай реттелді.

Қалай болғанда да, Қазақстан Республикасына мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесі қазірдің өзінде қолға алынды. Ақорда басым бағыт Транскаспий бағыты екенін хабарлады.

Биыл қаңтар-мамыр айларында 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шикі мұнай мен битумды минералдардан алынған шикі мұнай өнімдерін жеткізудің экспорт бағалары 58,4%-ке өсті. Бір жыл бұрын өсім 19,3% болған.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago