Ресей мен Қазақстанда бірыңғай валюта ешақашан болмайды — экономистер

Қазақстанның ТМД елдерінің Мемлекетаралық валюта комитетінен шығуы осылай ойлаудан басқа амал қалдырмады.

8 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ТМД елдерінің Мемлекетаралық валюта комитетінен шығатыны туралы қаулыға қол қойды. Комитет валюта-төлем және несие қатынастары, қатысушы мемлекеттердің валюта заңнамаларын жетілдіру, сондай-ақ валютаны басқару мәселесіндегі келісілетін әрекеттерді жүзеге асыру үшін құрылған.

Ал Қазақстан президентінің бұл органнан шығу туралы шешімі қалыптасқан әлемдік экономикалық жүйені қайта жасау аясында Ресеймен ортақ валюта құруға деген барлық үмітті сейілтті.

Бұл қадамның қажет екенін экономист Петр Своик бірнеше рет мәлімдеген еді. Оған қоса, бірқатар эксперттің пікірінше,

келісімнен шығу арқылы Тоқаев енді валюта қатынасына қатысты мәселені біздің ел Ресеймен талқыламайтынын білдірді.

Екі ел арасындағы жағдай шиеленіп кетсе, Қазақстан банктері Ресейге салынған халықаралық шектеулерді орындай бастайды.

Қауесет және шындық

Экономист Әсет Наурызбаев Қазақстанның бұл комитеттен шығуына қатысты қандай да бір апатты нәрсе көрмейтінін айтты. Оның бақылауынша, комитет ресми түрде ғана бар саналып, ешқашан жұмыс істемеді де. Бірыңғай валюта жасаумен ешкім айналысқан жоқ, сондықтан қазір оған шығындалмау керек деп шешілді.

— Оған қоса, халықаралық санкцияларды Ресейге қолданып, кенет ол елмен қандай да бір жолмен күресті бастағысы келіп кетті деп есептеу де қате.

Президент санкцияларды сақтайтынымызды нақты айтты. Біздің банктерде қазірдің өзінде контрсанкциялық бақылау автоматты түрде жүріп жатыр. Сондықтан «сендер сөйтсеңдер, онда біз бүйтеміз» деген нәрсе жоқ. Қастандық теориясына сенуге бейімдер Тоқаевтың ТМД валюта комитетінен шығу туралы шешімін Ресейдің кейбір әрекетіне жауап деп білуі әбден мүмкін. Бірақ қазір ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында жұмыс істейтін осы мағынасыз комитеттер мен комиссиялардың бәрі түгенделіп жатқан болуы керек.

Олар шығынды қысқартамыз деп шешті, өйткені шенеуніктер кездесулерге көбіне бизнес-класпен ұшады, үлкен залдар жалға алынады, қатысушыларға тамақ беріледі, қонақүйлер брондалады — мұның бәріне ақша кетеді.

Экономикалық дағдарыс кезінде мұндай шығын не керек?

— ТМД-ны жабуға болады деп ойлаймын. Ұйымда қолдануға болатын бірнеше пайдалы мүмкіндік бар екені рас. Мысалы, ТМД-ның электр энергетикалық кеңесі, бірақ ол өз деңгейінде қолданылмай жатыр. Бәрі айтатын нарықтар құрылмайды, өйткені

Жеңілмейтін доллар

Ресей нарықтың дамуы туралы басқа қатысушылардың пікірін тыңдауға үйренбеген, тек өзінің көзқарасын алға тартады. Осыған байланысты ештеңе өзгермесе, интеграция да болмайды,

— дейді Наурызбаев.

Оның пікірінше, елдер арасында біртұтас валюта құру идеясын, әдетте, экономиканы қолмен басқаруға болатынына сенімді адамдар айтады.

Әсет Наурызбаев. Фото: livingasia.online

— Бірақ экономика қолмен басқарылмайды. Жалпы есеп айырысу құралы ретінде ортақ валютаның тартымдылығы тұрақты валюталардың тартымдылығынан әлдеқайда төмен. Сондықтан бұл идеяны халықаралық экономикалық қатынастарға қатысушылар мақұлдамады. Бір де бір аргумент оған пайдалы емес.

Кейбір эксперттің батыс жүйесінің күйреуі туралы айтуы оның ыдырайтынын білдірмейді. Олар бұл туралы 20 жылдан бері айтып келе жатыр.

Бірақ доллардан да тартымды құрылыс жасалмайынша, доллармен бәрі санасады, — дейді экономист.

Бірыңғай шешім жоқ

Экономист Магбат Спанов та ТМД-ны жұмыс істемейтін ұйым деп санайды. Одан Украина, Грузия текке шығып кеткен жоқ, енді Молдова шығайын деп жатыр. Сондықтан ол халықаралық одақтар мен комитеттерді қайта қарау қажеттігін ұсынып отыр. Бұл белгілі бір қаржылай ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, Қазақстан дүниежүзіндегі елшіліктер санын қысқартқаны дұрыс – олар тым көп.

Магбат Спанов. Фото с сайта voxpopuli.kz

— Бұрынғы КСРО елдері әртүрлі. Кейбіреулер Еуропалық Одаққа мүше болды, басқалары (Грузия, Молдова, Украина) сол ұйымға кіруге ұмтылады, бір бөлігі ЕАЭО-ға кірді, ал Өзбекстан мен Түркіменстан сияқты мемлекеттер өз бетінше жұмыс істейді.

Бірыңғай есеп айырысу валютасын құруға келер болсақ, бұл жұмысты ЕАЭО аясында аяқтауға болады.

Дегенмен әр ел өз ұлттық валютасын сақтауды талап етеді, яғни көпшілік бәрін сол күйінде қалдыруды жөн санайды, — деп түйіндейді Магбат Спанов.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

1 день ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

1 день ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

1 день ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

1 день ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

2 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

2 дня ago