Фото: ашық дереккөзден
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Қазақстан қай елдермен шекераны шегендеу керегін айтты.
Қазір бізде мемлекеттік шекара бойынша даулы учаскелер жоқ. Біз Қытай және Қырғызстанмен арадағы шекара мәселесін толық шештік. Қазақстан мен Түркіменстан арасында тек ратификация мәселесі қалды, яғни барлық іс-шара атқарылды. Ресейге қатысты тоқталсақ, Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралас таулы аймақта тиісті жұмысты (шегендеу) жүргізу қиындау болып тұр. Аз уақытта бұл мәселені толықтай шешуге болады,
деді ҰҚК төрағасы орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Шығыс Қазақстан облысында Ресеймен әлі де шешілмеген мәселе қалып отыр.
Бұл әлемдегі ең үлкен шекара – 7,5 мың шақырым. Ал Шығыс Қазақстан облысының таулары өтетін жерде шағын учаске қалды. Мәселе мынада, демаркация болған кезде жұмыстың екі кезеңі болады – біріншісі теориялық, яғни мемлекеттік шекара бойынша жазбаша түрде қол қою керек. Ал екінші кезең – тәжірибелік кезең, пункттер мемлекеттік шекара сызығының қай жерден өтетінін белгілейді. Климаттық жағдайларды, ауа райы жағдайларын және жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Былтыр Шемонаиха ауданында, одан кейін Семей учаскесінде аяқталды, ал Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыстар аяқталды. Жұмыстың шамамен 50 пайызы қалды. Ұзындығы шақырыммен есептегенде 300 шақырымдай,
деді Ерлан Алдажұманов.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…