Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қазақстан мен санкция. Экспорт қатаң бақылауға алынады
Саясат

Қазақстан мен санкция. Экспорт қатаң бақылауға алынады

Фариза Сагындыкова
Фариза Сагындыкова 29.03.2023
Обновлено 29.03.2023 в 02:03
Поделиться
Поделиться

Қазақстан үкіметі мәлімдеме жасады: бұдан былай елде санкцияларға ұшыраған тауарлар Ресей шекарасынан өтпеуі үшін кері экспорт мұқият қадағаланатын болады. Бұл осы жылдың сәуір айында қолға алынады.

Мазмұны
Тасымалды тоқтатуТапсырыс берген төлей ме?Орындарда орнығу

Тасымалды тоқтату

Бақылауды неғұрлым мұқият жүзеге асыру үшін тауарлар жөнелту орнынан соңғы межелі пунктке дейін қаралатын болады, осылайша жүктің Қазақстан-Ресей шекарасынан өтпеуі қадағаланады.

Қазақстан мұндай шараларды батыс көршілері Ресейге көмектесуі мүмкін компанияларға салынатын қайталама санкциялар туралы тағы бір ескерткеннен кейін қабылдап отыр. Айта кету керек, шетелдік БАҚ Қазақстанның Ресей Федерациясына кір жуғыш машиналар, теледидарлар мен ескі машиналарын жеткізгенін бірнеше рет байқап қойған. Олар техниканың кейбір жеке бөлшектері алынып, Украинадағы соғыста қолданылатын танктер және басқа да техникаларды жабдықтауда пайдаланылуы мүмкін деп  қауіптенуде.

TheTelegraph мәліметтері бойынша, соғысқа қолайлы тауарларды жеткізумен тек Қазақстан ғана емес, сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Түркия және БАӘ айналысады. Және оларға бірден санкциялар салмас бұрын, Еуропалық Одақ алдымен сыпайы түрде ескертуді жөн көрді.

Қазақстан билігі өкілдері ережелерді сақтау жоспарларын ауызша растады. Financial Times басылымының хабарлауынша, Қазақстаннан жеткізілімдерді нақтырақ қадағалау үшін елде экспортталатын тауарлардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін арнайы қосымша әзірленеді.

Әрине, тек Қазақстан ғана емес. Батыстағы серіктестер Қазақстаннан Ресейге жеткізілім тоқтатылса да, Ресейдің Түркия және Қытай сияқты басқа да қуатты көршілері барын түсінгені абзал. Және олар Ресей Федерациясымен сауда-саттыққа қатысты ешқандай шектеулер енгізген жоқ.

Тапсырыс берген төлей ме?

Қазақстан қазір Ресейге ешқандай көмек көрсетілмейтінін алға тартып, өзін үзілді-кесілді байқатып жатқанына, ал батыстағы көршілері оған сеніп отырғандарына қарамастан, Ресей тарапының жағдайға деген өзіндік көзқарасы бар.

Ресейлік саясаттанушылардың пікірінше, бұл жүйе қағаз жүзінде ғана болады, ал іс жүзінде ештеңе өзгермейді, сондықтан Ресей Федерациясына оңтүстік көршісінің импорты үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Ең алдымен, барлық көршілерінің ішінде Қазақстанның Ресеймен құрлықтағы ең ұзын шекарасы өтеді және өткен жылы ҚР-нан экспорт көлемі төрттен біріне өсіп, 8,8 млрд долларға жетті. Осы жылдар ішінде болған жағдайлар Қазақстанға бұрын-соңды болмаған инвестицияларды тартты, және олардан бас тарту қиын болуы мүмкін.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, ақпан айында қазақстандық биліктің анонимді дереккөзі басылымға Астана үшін, әсіресе шығындарды ешкім өтемейтінін ескерсек, экспортты тоқтату өте тиімсіз болатынын айтқан. Астанаға сапары кезінде америкалық шенеунік Блинкеннен АҚШ Қазақстанға келтірген шығындарын өтеуге дайын ба сұраған болатын.

Американдық тарап «Орталық Азия экономикалары үшін шығындарды азайту мақсатында бәрін жасаймыз» деп жауап қайтарды, алайда ешқандай өтемақы төлеуге уәде берген жоқ. АҚШ кепілдік бере алатын жалғыз нәрсе – бұл лицензиялар, олардың арқасында компаниялар қайталама санкцияларға ұшырамайды.

Айтпақшы, осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық компания санкцияларға ұшыраған жоқ. Дегенмен жаңа жағдайда бәрі өзгеруі мүмкін екенін түсіну керек, өйткені қазір біз шектеулі жағдайға тап болдық. Қазақстанды ережелерді елемеуге мәжбүр ететін нәрсе – Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақтағы жалпы мүшелік, ал оның ішінде тауарлар кедендік бақылауға алынбай ары-бері жүре береді. Қазақстанның одан шығуы да екіталай, себебі өткен жылдың маусым айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Қазақстан ЕАЭО-тан кетеді деген қауесетті жоққа шығарды.

Орындарда орнығу

Қазақстан көпвекторлы саясатты ұзақ уақыт ұстана алады ма – бұл басқа мәселе. Шетелдік саясаттанушылардың пікірінше, ұзақ болуы мүмкін. Себебі шетелдік компаниялар қазақстандық кәсіпорындар мен кен орындарына, ал Ресейде тек қор нарығына инвестиция салады, ал оның орнын еш қиындықсыз ауыстыруға болады. Бұл ретте ешкім де миллиардтаған доллар жоғалтқысы келмейді.

Екінші жағынан, егер бірқатар елдер Ресей Федерациясымен бірге санкцияларға ұшыраса, онда Ресей еріксіз одақтастармен қалады, оларға онымен ашық жұмыс жасаудан басқа ештеңе қалмайды. Еуропалық одақтың бұған қызығушылық танытуы екіталай.

Тәуелсіз сарапшылардың мәлімдемелеріне сүйенсек, егер Қазақстанның өзі үшін қалыптасқан дәстүрлі көпвекторлы саясатты одан әрі ұстануға мүмкіндігі болса, ол бұл мүмкіндікті пайдаланады. Бұл республиканың бір тарапты жақтағысы келетіндігін емес, Қазақстанның өзінің ұлттық мүдделері бар екендігін білдіреді.

Ресейлік сарапшылардың пікірінше, егер Қазақстан өз сөзінде тұрып, Ресей Федерациясына жеткізуді тоқтатса, онда ресейліктер «ойлана бастайды және өздері бірдеңе жасай бастайды».

БАҚ-ның хабарламаларын «Реверс»  ЖШҚ директоры, ТР СӨП жүк тасымалы және логистика комитетінің төрағасы Сергей Сотников (Ресей) «менің ойымша, біз үшін неғұрлым жаман болса, соғұрлым жақсы болып шығады. Сонда ғана адамдар әрекет ете бастайды» деп бағалады. Жаңа шаралар тәжірибеде қалай болатынын әлі көре жатармыз.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы, Саясат
Фариза Сагындыкова 29.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?