Қазақстан Түркіменстанмен әуе қатынасын қайта ашады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады,
делінген жұма күні тараған ақпаратта.
Осылайша, «Түрікменстан» әуекомпаниясы 2023 жылдың 26 наурызынан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.
Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, дейді министрлік өкілдері.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…