Екі ел арасында жаңа теміржол пункті ашылады.
Бақты – Аягөз жаңа желісі осы пункті арқылы өтiп, Семей – Ақтоғай учаскесіне қосылады. Кейін Қытай – Еуропа – Қытай транзиттік дәлізімен бірігеді.
Ұзындығы 270 км Бақты – Аягөз теміржолын салуға бюджеттен 321 млрд теңге бөлінген. Жобаны іске асыру 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр.