Қаңтардың бірінші онкүндігінен бастап мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай учаскесінде бұрын енгізілген шектеу және карантиндік шаралар алынады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.
Қытай тарапыпандемияға дейінгі форматқа оралып, автокөлік құралдарын қабылдауға ниетті. Бұл ретте автокөлік құралдарының жүргізушілерінде визалар, ПТР тестілері, сондай-ақ олардың көлік құралдары халықаралық стандарттарға сәйкес келуі тиіс.
Шекарадағы шектеулерді алып тастағаннан кейін, бұрын Қытай тарапы белгілеген автокөлік құралдарының сипаттамаларына қойылатын талаптар сыртқы экономикалық қызметке бірқатар қатысушылардың наразылығын тудырды. Себебі, олар автокөлік құралдарына қойылатын қатаң талаптар кезінде автокөлік құралдарын қайта жабдықтау бойынша белгілі бір шығындарға ұшыраған.
9 қаңтарда ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылық құрамы «Қалжат» өткізу пунктінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кездесу өткізді.