Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қазақстан мен Қытай визасыз режимге қол қойды
Саясат

Қазақстан мен Қытай визасыз режимге қол қойды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Обновлено 18.05.2023 в 09:05
Поделиться
Поделиться

Бұдан басқа тағы 22 келісімшарт жасалды.

Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз барысында 23 құжатқа қол қойды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім де бар. Бұл туралы мемлекет басшысы баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты визасыз режимді енгізу жоспары сәуір айында белгілі болған еді. Құжатқа сәйкес Қытайға бару үшін Қазақстан азаматтарына ҚР азаматтының төлқұжаты мен ҚР аумағына қайту туралы куәлік керек болса, Қытай азаматтары үшін ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты, ҚХР азаматының төлқұжаты мен уақытша жол жүру құжаты жеткілікті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске шығару үшін бар күш-жігерін жұмылдыруға дайын екенін айтып, келіссөздердің екіжақты ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы индустрияландыру және инвестициялық ынтымақтастық жоспары;

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім;

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға күнбағыс, мақсары, соя және зығыр тұқымының шротын (күнжара) экспорттауға қойылатын санитариялық және фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама;

8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын бұршақ пен жасымық партияларына қойылатын инспекциялық және карантиндік талаптар жөніндегі хаттама;

9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы ҚР-дан ҚХР-ға су өнімдерін экспорттау жөніндегі хаттама;

10. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржолды бірлесіп іске асыруды алдын ала қарау туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

11. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы мәдени орталықтар құру жөніндегі ниеті туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

13. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Қытай Халық Республикасының Стандарттау басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

14. ҚР Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен ҚХР Тяньцзинь қаласының Халық Үкіметі арасында Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру туралы келісім;

15. ҚР Шымкент қаласы мен ҚХР Сиань қаласы арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісім;

16. ҚР Солтүстік Қазақстан облысы мен ҚХР Шэньси провинциясы арасында бауырластық байланыстар/қатынастар орнату туралы келісім;

17. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унивеситеті мен Сиань Солтүстік-Батыс политехникалық университеті арасындағы ҚазҰУ жанынан ССБПУ филиалын ашу туралы келісім;

18. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Энергетика істері жөніндегі мемлекеттік басқару арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

19. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» арасындағы қазақ-қытай стратегиялық энергетикалық ынтымақтастығын кеңейту туралы негіздемелік келісім;

20. Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті мен ҚХР Стандарттау басқармасы арасындағы меморандум;

21. «Хабар» Агенттігі» АҚ мен Қытай Медиа корпорациясы (CMG) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

22. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қытай мұнай университеті арасындағы ынтымақтастық орнату туралы келісім;

23. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылықтары университеті  арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 18.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?