Categories: Экономика

Қазақстан наны ең арзан елдердің бестігінде

Қазақстан ең арзан наны бар бес елдің қатарына кірді. Сарапшылар Қазақстан нанын 0,36 доллар деп есептеген, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Алайда бір жылда нан Қазақстанда 19% қымбаттаған. Қаңтар айында наубайханалар 42 жарым мың тонна өнім шығарған. Бұл былтырмен салыстырғанда 2,5% артық.

Нан өндіру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 10 мың тоннадан аса ұн тартылған. Бұл — республика бойынша үлестің 24%-ға жуығы.

Ал ең азы — Ұлытау өңірінде. Ондағы өндіріс көлемі — 401 тонна. Соның салдарынан аймақта нан бағасы да 50%-ға дейін өскен.

Ақмола мен Маңғыстау облысында да нан қымбаттаған. Алайда мамандар бұл «дүниежүзі бойынша өте төмен баға» дейді. 

Расымен Қазақстанда нан арзан. Өйткені елімізде қазір азық-түлік келісімшарт корпорациясы бидайды төмен бағада ұнды сату кестесімен жұмыс істейді, яғни ол нарық құнынан төмен. Бидай өңдейтін кәсіпорындары әлеуметтік ұн алады. Оны әлеуметтік наубайханаларға нан пісіруге жібереді. Ал Азықтүлік келісімшарт корпорациясына бұған арзан астықтың тоннасына 25 мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған,

деді Қазақстан астық өңдеушілер одағы құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Евгений Ган.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago