Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды.
Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді.
Қаза болғандардың ішінде 343 бала. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды. Тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады.
27 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.
28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.