Categories: Саясат

Қазақстан шенген бойынша «қара тізімге» енгізілген жоқ – ЕО өкілдігі

Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарының шенген визасын алу тәртібі туралы жалпы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандағы ЕО өкілдігінің баспасөз және ақпарат бөлімінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 наурыздан кейін Қазақстан азаматтарына Шенген визасын беру тәртібінде айтарлықтай өзгерістер болмайды.

Еуропалық одақ Қазақстанды «қара тізімге» енгізген жоқ,

делінген хабарламада.

Ереже бойынша, шенген визасын беру туралы шешімді ЕО-ға мүше мемлекеттің тиісті консулдығы 15 күн ішінде қабылдайды. Бұл ереже Қазақстанға да қатысты қолданылады.

Ерекше, жеке жағдайларда, егер өтінішті егжей-тегжейлі тексеру және қосымша құжаттарды ұсыну қажет болса, бұл мерзім 45 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. Бұл тәжірибе тек ерекше жағдайларда ғана ұлтына қарамастан барлық өтініш берушілерге бұрынан бері қолданылып келеді,

делінген Қазақстандағы Еуропалық одақ өкілдігі хабарламасында.

Қазақстан үшін жақында енгізілген қосымша консультациялар өткізу рәсімі жеті күнге дейін созылуы мүмкін және бұл консультациялар стандартты 15 күндік рәсім аясында жүргізіледі. Сондықтан өтініш берушілердің виза алу уақыты айтарлықтай ұзармайды.

Қосымша консультациялар – бірқатар елдерге қолданылатын және Виза кодексімен реттелетін стандартты рәсім. Шенген аймағына мүше мемлекеттер бір-бірімен кеңесу үшін жүйелі түрде пайдаланып отыратын Шенген ақпараттық жүйесінде (SIS) «қара тізімдер» жоқ,

деп мәлімдеді өкілеттік.

Виза алу тәртібі бойынша жалпы ақпаратты Көші-қон және ішкі істер жөніндегі Бас директораттың веб-сайтынан табуға болады.

Шенген ақпараттық жүйесі аясында Қазақстан үшін қосымша консультацияларды енгізу әртүрлі бағыттар мен өзара мүдделі салаларда қарқынды дамып келе жатқан ЕО мен Қазақстан арасындағы тамаша қарым-қатынастарға ешқандай қатысы жоқ.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago