Ақпарат министрлігі Кеңес дәуірінде шыққан мультфильмдерді қазақ тіліне аударуға дайын екен.
Жеке көзқарасым бойынша, олар (кеңестік мультфильмдер – ред.) көбінесе еңбек құндылықтарына, жақындарына деген құрметке, Отанға деген сүйіспеншілікке сәйкес келеді. Біз аударма жасаймыз, яғни мұрағаттан алып, мемлекеттік тілге аударамыз,
деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.
Вице-министр Кеңес мультфильмдерін аударуға көп қаржы кетпейтінін, оны бекітілген бюджет аясында жасауға болатынын айтты.
Кеңес дәуірінде шыққан кейбір мультфильмдер біздің адами, этикалық құндылықтарымызға қарама-қайшы келмейді. Оларды аударуға бізде мүмкіндік бар. Қажет болған жағдайда аударамыз. Оған аса бір үлкен қаражат кетпейді. Өйткені біз онсызда шетелдік контентті аударып жатырмыз ғой. Оған көп ақша сұрамаймыз, қыруар ақша талап етпейді. Өзіміздің бекітілген бюджет аясында қарастырамыз,
деді ол.