Қазақстан Тайваньды Қытайдың ажырамас бөлігі деп есептейді

Қазақстан «бір Қытай» приниципін қолдайды. Бұл туралы Сырты істер министрінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы «бір Қытай» принципін қолдайды және Тайвань Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп есептейді,

деді СІМ ресми өкілі.

Айбек Смадияров Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысын сақтауды жақтайтынын айтты. Атап айтқанда, бұл мәселеде Қазақстан Республикасы БҰҰ Бас Ассамблеясының №2758 (1971 жыл) қарарын ұстанады.

1949 жылы Қытай Республикасы Тайваньды басқаруды сақтап қалды. Ал Қытайдың қалған бөлігі Қытай Халық Республикасына айналды. 1971 жылғы қарарда Қытай атынан өкілдік ету құқығы Қытай Республикасынан Қытай Халық Республикасына берілді деп көрсетілген.

Мен шетел мемлекеттерінің ресми делегацияларының Тайваньға сапары Қытай Халық Республикасы үкіметімен келісілуі керек деп есептеймін,

деп қорытындылады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Еске салайық, 2 тамыз күні кешке Нэнси Пелоси мінген ұшақ Тайвань астанасы Тайбэйдегі Суншань әуе базасының әуежайына қонды. Ол делегацияның Тайваньға бару себебі АҚШ Тайваньға адалдығынан бас тартпайтынын және уақыт сынынан өткен достығын мақтан тұтатынын білдіру екенін айтты.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

11 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

12 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago