Түрмеге жеткізген әлеуметтік желі және шекерді тартып алу. 4 тамыз

Ерлі-зайыптының әлеуметтік желідегі үндеулері үшін түрмеге қамалғаны, ДДСҰ басшысының Алматыға сапары мен атом электр станцияларының құрылысы туралы жаңалықтар әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды.

Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат анонимді телеграм арналарында таралып кетті. Резонанс тудырған ақпаратты оның жақындары кейінірек жоққа шығарды.

Петропавлда елдің бүтіндігін бұзуды насихаттап, ұлтаралық алауыздық тудырған ерлі-зайыптының ісі сотта қаралды. Әйелі мен күйеуі Солтүстік Қазақстан облысын Ресей Федерациясына қосу туралы үндеу жариялап, осыған қатысты пікірлерін ашық білдірген. Сот оларды 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Саясатқа жақын желі пайдаланушылары сотталғандарды кейін Ресейге депортациялауды ұсынып отыр.

Халықаралық жаңалықтар ішінде ең талқыланғаны- Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары. АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің күшеюі отандық аудиторияның назарына ілікті. Бұл жаңалық АҚШ-тың саяси жеңісі болып қабылданды. Ал Қазақстандықтардың басым бөлігі аталмыш оқиға елімізге қауіп төндіруі мүмкін деп есептейді.

Қант тапшылығы әлі күнге дейін өзекті тақырыптардың бірі. Ресейден келген қазақтардан шекарада тапшы тауарды тартып алу жаңалығы жұртшылықтың наразылығын тудырды. Азық-түлік мәселесімен бірге үкіметтің мұндай саясаты да өткір сынға ұшырады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейюс Алматыға бейресми сапармен келді. Сапар барысында ол Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) болып, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиниятпен кездесті. Әлемдегі коронавирус ауруының өршуіне байланысты аталмыш кездесу орынсыз деп есептеген жұртшылық бұл оқиғаны оң қабылдамады.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовтің Қазақстанда бір емес, бірнеше атом электр стансиясы пайда болады деген мәлімдемесі дабыл тудырды. Көпшіліктің ойынша аталмыш станциялар ел экологиясына зиян тигізеді.  Сондай-ақ құрылыс жұмысымен ресейлік компаниялар айналысады. Өз кезегінде бұл көрші елдің ықпалын күшейтуі мүмкін.

Қазақстан армиясы Каспийде кешенді оқу-жаттығулар өткізді. Ресей-Украина соғысы мен Қазақстанның көрші елмен қарым-қатынастарының шиеленісуі аясында жаңалық көпшіліктің оң бағасын алды.

Төтенше оқиғалар ішінде  батыста 35 жастағы ер адам мен оның жиенінің суға батып кетуі туралы жаңалық кеңінен таралды. Ол суға батып бара жатқан өз туысын құтқармақ болған. Кеше жарияланған статистика елдің үрейін алды. Жаз басынан бері 49 бала және жүзге жуық ересек суға кеткен.

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен Саят Әділбековке қатысты қылмыстық істің тоқтатылуы оппозициялық аудитория үшін өткен күннің жағымды жаңалығы болды.  Бұған дейін ол ауруханадан қауіпсіздік қызметкерлері ұрлап әкетіп, кейін тергеу изоляторында қатты соққыға жығылғанын айтқан.

Белгілі оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың тергеу изоляторында болу мерзімі тағы бір айға ұзартылғаны күннің соңғы жаңалығы болды.

Сондай-ақ кеше халыққа қызмет көрсету орталықтары, eGov және екінші деңгейлі банктер уақытша қызмет көрсете алмады. Қалпына келтіру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығы айтылған еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

7 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago