Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін талдауға кірісті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қатерін сырттай талдау басталғаны туралы хабарлады.
Талдаумен Агенттік, ұлттық компания мамандары, мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері айналысады.
Талдау ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан бұрын алынған қаражатты жұмсауға әсер ететін темір жол саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары себебі мен жағдайы зерделенеді.
Сыбайлас жемқорлық қатері туралы ақпарат және талданатын саланы жақсарту бойынша ұсыныс болса, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрон поштасына жіберуді сұраймыз,
делінген хабарламада.
Оған қоса, сыбайлас жемқорлық фактілері немесе болуы мүмкін қылмыстар туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 24/7 байланыс орталығына хабарлауға болады.