Қазақстан әуе компаниялары жыл соңына дейін жаңа рейстер ашады

Қазақстан Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс бағытында жолаушылар әуе тасымалы географиясын кеңейтіп жатыр.

Қазақстанның әуе компаниялары бірлескен онлайн брифингіде шетелдік рейстер географиясын кеңейту жоспарын айтып берді. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.

Air Astana «Алматы-Бангкок» рейсін қазан айының соңынан бастап аптасына төрт рет ұшатындай етіп қайта қосуды жоспарлап отыр. Желтоқсан айында ұшақ осы бағытта күн сайын ұшатындай етіп рейстер ашқысы келеді. Қазір ұлттық әуе тасымалдаушысы «Алматы-Медина» рейсін ашумен айналысып жатыр.

FlyArystan в осенне-зимний период планирует запустить рейсы в Анкару из Нур-Султана, Шымкента и Актау. Точные сроки открытия рейсов зависят от поставок самолётов, на которых они будут выполняться.

FlyArystan күзгі-қысқы кезеңде Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтаудан Анкараға рейс ашуды жоспарлап отыр. Рейстердің нақты қашан ашылатыны рейс жасайтын ұшақтардың компанияға жеткізілу уақытына байланысты.

Scat қараша айында Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға аптасына төрт рет ұшуды жоспарлап отыр. Оған қоса, «Алматы-Карачи» рейсі ашылады және аптасына екі рет Ұлан-Баторға баратын рейстер қайта жанданады. «Нұр-Сұлтан – Душанбе» бағытындағы рейстер 2023 жылдың жазғы навигациясына шегерілді.

Qazaq Air әзірше жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отырған жоқ. Оның орнына әуе компаниясы «Ақтөбе-Баку» рейсі бойынша және Ресей бағыттары бойынша – Екатеринбург, Омбы, Новосібір және Қазан қалаларына ұшу жиілігін арттыруды көздеп отыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago