Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақ-Тілек-автодорожный» бақылау-өткізу пункттерінде бірнеше күн бойы жүк көліктері кептеліп тұр. Онда 500-ден астам «фура» жиналып қалған.
Жүргізушілер жүк көліктерін не себепті өткізбей жатқандығы жайлы әртүрлі нұсқаларын айтуда. Біреуі Қырғызстанның Қазақстанға су жібермей тоқтатқанның кесірі десе, екіншісі қазақстандық шекарашылар есірткі тасыған жүк көлігін іздеуде дейді.
Қырғызстан ҰҚК кекара қызметінің мәліметінше, Шу облысындағы шекара өкілдері автокөлік құралдарын баяу өткізу себептерін анықтау үшін қазақстандық әріптестермен кездесу мәселесін пысықтап жатыр.
Олардың айтуынша, Қырғызстан тарапынан өткізу пунктілері күнделікті режимде жұмыс істеп тұр, ешқандай шектеу жоқ.