Елімізде 2025 жылға дейін 11 мың шақырым тас жолы ақылы болады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы — 2 161 шақырым. Биылғы жылдың басынан бері жалпы төлемақы 4 миллиард теңгені құрады. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қайта құру жұмысы аяқталғандықтан, кезең-кезеңімен 11 мың шақырым жолға ақы төлеуді енгізу жүргізіледі.
— деді Өскенбаев Мәжілістегі үкімет сағатында
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 учаскі ақылы болады. Олар: «Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас», «Қапшағай-Талдықорған», «Тараз-Қайнар», «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Қызылорда», «Щучинск-Көкшетау», «Астана-Павлодар».
Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға — 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға — 25 теңге.