Фото: ашық дереккөзден
Былтыр елімізде химия саласында жалпы сомасы 54,6 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды. Барлық жоба толық қуатына шыққан бойда өндіріс көлемі шамамен 310 млрд теңгеге жетеді деп көзделген. Оның ішінде экспортқа бағытталатын өнім көлемі 260 млрд теңгеге және импортты алмастыру 60 млрд теңгеге жуықтайды деп межеленіп отыр.
Бұған қоса биыл жалпы сомасы 58,1 млрд теңгеге 14 жобаны іске қосу жоспарланған. Аталған жобалар арқылы 1040 адам жұмыс орнымен қамтылып, оның 17,6% және 14,4% ауылды жерлер мен моноқалалардың үлесіне тиесілі болмақ. Барлық өндіріс орны жоспарланған қуат көлеміне толық шыққан кезде өндірілген өнім мөлшері шамамен 59 млрд теңгеге жетіп, оның ішінде экспорт көлемі 11,6 млрд теңгеге, сондай-ақ импортты алмастыру 47,4 млрд теңгеге артады деп күтіліп отыр. Мұның нәтижесінде осы жылы металлургия саласында эмульсиялық жарылғыш заттар мен еріткіштерді, сондай-ақ химиялық реагенттер шығаратын кәсіпорындармен бірге желатин өндіретін зауыттар ашылады.
Тұтастай алғанда, таяу болашақта химия саласында 6 трлн теңгеге 98 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл өз кезегінде 13,9 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді. Өңірлер бойынша химия өнеркәсібіне байланысты жобалардың едәуір бөлігі Жамбыл облысына тиесілі. Олардың дені минералды тыңайтқыштар мен хлор сілтілі, кальций хлориді, кальцийлендірілген сода сынды бейорганикалық химия өнімдерінің өндірісіне арналған.
Сонымен қатар бұл бағыттағы ілкімді істер Маңғыстау облысында да жүзеге асырылып жатқанын айта кеткен орынды. Мәселен, мұнайлы өлкеде химия өндірісі бойынша 13 жоба қолға алынған. Атап айтқанда, бұл өңірде жасыл сутегі, аммиак, карбамид және биопротеин өндіретін өндіріс орындары іске қосылмақ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…