Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022 жылы Қазақстанда 18,3 миллион тонна астық ору жоспарланғанын айтты. Оның 13,4 миллион тоннасы — бидай.
Ауыл шаруашылығы министрі мәліметінше, әлемдегі қазіргі геосаяси жағдайға және бірқатар елде астық өндіру төмендеуіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды міндет тұр. Ол облыс әкімдіктері астық қоймаларының жаңа өнім қабылдауға дайын болуын қадағалауы керек екенін айтты.
Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, жалпы астық жинаудың болжамды көлемі 18,3 млн тонна. Оның ішінде бидай көлемі 13,4 млн тоннадан астам. Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы — 29,1 миллион тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында — 12,6 миллион тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде — 16,5 миллион тонна. Сонымен қатар, республикада 3,1 миллион тонна көлемінде астық тасымалдаунады, оның ішінде бидай — 2,5 миллион тонна,
деді Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге элеваторлардың егінді қабылдауға және сақтауға дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, министрліктің басты міндеті — егінді дер кезінде және сапалы ору.
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп министрліктері және «ҚТЖ» ұлттық компаниясы облыстардың әкімдіктерімен бірлесе отырып, жылжымалы құраммен қамтамасыз ету және логистика мәселелерін шешуді қолға алсын.
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, шаруалардың бағасын тұрақты сақтап, қыс мезгіліндегі қажеттігін қанағаттандыру үшін жемшөп қорын уақтылы қалыптастыру шараларын қабылдауы қажет,
деді премьер-министр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…