Қазақстанда 18 жасқа дейінгі барлық балаға жәрдемақы төлеу ұсынылды

Еліміздегі әр алтыншы бала кедейлік жағдайында өмір сүреді.

Мәжіліс депутаты Айжан Сқақованың айтуынша, ана мен балаға қатысты мәселелер орталық уәкілетті органдардың назарынан тыс қалып отыр.

Біз адам капиталына инвестициялау идеологиясына негізделген ана мен баланы дамытудың түбегейлі жаңа көзқарасы мен тұжырымдамасын көрмейміз. Балалардың кедейлігі мәселесіне қатысты жауап та, ұсыныстар да жоқ. Шын мәнінде, бір миллион қазақстандық бала әлі де кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Адами капиталға инвестициялаудың жаңа моделі қажет,

деді ол.

Сонымен қатар, парламентшілер ана мен баланы қолдауға бағытталған бірқатар басқа да шараны ұсынды. Атап айтқанда, ақылы бала күтімі мерзімін 3 жылға дейін ұзарту, білім беру, әлеуметтік, баланың мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру және «ArtSport» балалар спорт секцияларын қаржыландыру бағдарламасын аяқтау қажет деп санайды.

«Ұлттық қор – балаларға» қағидаты бойынша жаңа бағдарламаның іске қосылғаны маңызды. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50%-ын 18 жасқа толғанға дейін балалардың арнайы жинақ шоттарына аудару ұсынылып отыр. Бірақ өкінішке орай, Үкіметте балалардың әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсарту бойынша осындай жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдері жоқ.

Осы орайда депутат адами капиталға инвестициялаудың жаңа моделі қажет деп есептейді. Сондықтан ол жаңа ұлттық жоба қабылдауды ұсынды.

18 жасқа толмаған барлық балаға шартсыз ай сайынғы бірыңғай жәрдемақыны енгізумен қатар, бұл шараны екі тетікке негіздеу маңызды. Біріншісі, сапалы білімге қолжетімділік, оның ішінде мектеп және мектепке дейінгі білім бар. Екіншісі, денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділік. Бұл бағытта «Ана мен баланы дамытуға инвестиция» Ұлттық жобасын қабылдау қисынды болар еді,

деп түйіндеді депутат.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago