Қазақстандағы такси қызметі — ТМД елдері арасындағы ең қымбаты

Елімізде такси құны бір жылда 9%-ке өсті. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.

Қазақстанда 1 километрге такси қызметінің бағасы 0,32 АҚШ доллар тұрады. Қазақстан такси қызметінің арзандығы бойынша 105 елдің ішінде 12-орында тұр. ТМД елдерінің ішінде такси қызметі Әзербайжан мен Ресейде Қазақстаннан қарағанда қымбат болса, Беларусь, Өзбекстан, Молдова, Украина* және Арменияда арзанырақ.

* Украина бірқатар себепке байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.

Биылғы қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірісі бір жыл бұрынғы 2,8 млрд теңгемен салыстырғанда 3 млрд теңге болды (ақшалай түрде 6,4% көбейді).

Саладағы ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында тіркелді: 1,3 млрд теңге, ақшалай түрде жылына 37,3% өсті. Үздік үштікке Астана (728,7 млн теңге, 4,4% аз) және Алматы (499,6 млн теңге, 27,1% аз) кірді. Ең аз кіріс Шығыс Қазақстан облысындағы такси компанияларында байқалды: 0,4 млн теңге.

Жыл басынан бері 1,4 млрд жолаушы такси қызметін пайдаланды, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,1% артық. Жолаушылар айналымы бір жылмен салыстырғанда 8,7% өсіп, 20,7 млрд болды.

Биылғы тамыз айы қорытындысы бойынша бір жыл ішінде такси ақысы 9%-ке өскен.

Өңірлер бойынша Жетісу облысында баға айтарлықтай қымбаттады: бір жылда 37,7%. Одан кейін Алматы облысы ( 28,1%) мен Абай облысы (21,2%) тұр.

Баға ең аз өскен өңір Ақмола облысы: 0,5% қана. Тағы төрт облыста — Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Түркістанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Такси операторлары жүргізушілер үшін әлеуметтік аударымдар жасауға мәжбүр болады, деп хабарлайды Хабар24. Мұндай талап оларға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде қойылған.

Ведомство басшысы Тамара Дүйсенова 150 мыңнан астам қазақстандық таксист болып жұмыс істейтінін, олар әлеуметтік қорғауды қажет ететінін айтып өтті. Мысалы, қазір ауырған жағдайда олардың жалақысы сақталмайды. Жүргізушілер де тегін медицина қызметін ала алмайды.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

22 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago