Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанда 2022 жылы қандай жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылды
Экономика

Қазақстанда 2022 жылы қандай жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 20.12.2022
Обновлено 20.12.2022 в 10:12
Поделиться
Поделиться

2022 жылы мақсатты түрде жүргізілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Қазақстан экономикасының түрлі секторларында бірнеше өндіріс іске қосылды деп жазады Primeminister.kz сайты.

Биыл «Оңтүстік» Шымкент индустриялық аймағында «QazAlPack» ЖШС алюминий банкалар мен сусындарға арналған қақпақ түрлерін шығаратын зауыт ашылды. Бұл – Орталық Азиядағы осындай өнім шығаратын алғашқы зауыт. Оның қуаттылығы жылына 750 млн жиынтық өнімді құрайды. Өндіріс желісінің жылдамдығы секундына 50 банка немесе минутына 3000 қақпақ шығаруға мүмкіндігі бар. Жоба АҚШ-тың ең озық қондырғыларымен жабдықталған.

Ақтөбедегі керамикалық гранит пен керамика тақтай және басқа да құрылыс материалдарын шығаратын тағы бір жаңа зауыт («Зерде-Керамика Ақтөбе» ЖШС) ауданы 15 га алаңда орналасқан. Бұған дейін компания Шымкентте осы тектес кәсіпорынды іске қосқан болатын. Бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауымен жабдықтар сатып алынып, екіншісі зауыттың құрылысы аяқталды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 млн шаршы метр тақтай шығаруға жетеді. Өнімдер Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді, ішкі нарыққа жеткізіледі және Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріне экспортталады. Алдын ала бағалаулар бойынша, зауыт өнімдері Қазақстанның керамикалық тақтайға деген қажеттілігін толықтай қамтиды. Сонымен қатар мұнда 180-нен астам адам жұмысқа орналасты.

«Грант-Ют» ЖШС Алматыда аяқ киім өндірісін жолға қойды.

Кәсіпорын бизнесті мемлекеттік қолдау тетіктерінің көмегімен жұмыс істеп тұрған фабриканың аумағын жаңғыртып, кеңейтті. Қазіргі уақытта компания жыл сайын табиғи шикізаттан 120 мың жұпқа дейін сапалы әрі жайлы аяқ киім шығарады. Өнім толықтай дерлік еліміздің ішкі нарығына жіберіледі.

Сондай-ақ 2022 жыл қарсаңында Қостанай облысында «BEEF EXPORT Group» ЖШС жаңа ет өңдеу комбинатының құрылысы аяқталды. Ол Халал нормалары бойынша және халықаралық экостандартқа сәйкес ет өнімдерін өндіруге бағытталған. Кәсіпорын тәулігіне 23 900 кг ет өнімдерін өндіреді, сондай-ақ мамандандырылған жүк машиналарының көмегімен оны тұтынушыларға (ірі сауда желілері, қоғамдық тамақтандыру орындары, базарлар және т.б.) жеткізеді.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 200 мың тоннаға дейін жететін «Altyn Shyghys» ЖШС өсімдік майын шығаратын зауыт ашылды. 

Кәсіпорын Болгария, Түркия, Германия, Нидерланд және Украина елдерінен әкелінген заманауи қондырғыларымен жабдықталған, өндіріс қалдықсыз жұмыс істейді және толықтай автоматтандырылатын болады. Зауыт өнімдері Қытайға, Иранға, Өзбекстанға және басқа елдерге экспортталады деп күтілуде.

Ұлытау облысында «Қазтехфильтр» ЖШС жоғары еуропалық стандарттар бойынша ауа сүзгіштерінің элементтерін өндіруді жолға қойды. Компания автомобильдер мен тоңазытқыш қондырғыларына арналған ауа фильтрлерінің түрлерін, сондай-ақ 2ТЭ116 тепловоздарына арналған май фильтрлерін шығарады.

Биыл «Қазмұнайхим» ЖШС «Павлодар» АЭА аумағында  жоғары технологиялық заманауи жабдықтармен жарақтандырылған мұнай өңдеу мен мұнай өндіруге арналған қоспалар мен реагенттер шығаратын зауытты пайдалануға берді. Сонымен қатар компания су тазартатын реагенттер шығарады. Бұл – Қазақстандағы мұнай-химия өнімдерін жасап шығаратын толық циклді алғашқы өндіріс. Оның қуаты – жылына 30 мың тонна реагенттер мен қоспалар.

Бұрын республиканың мұнай-газ саласына арналған химиялық реагенттердің 95%-ы шетелден әкелінетін. Алайда, аталған зауыттың іске қосылуы Павлодар облысын ғана емес, сондай-ақ басқа да мұнай өңдеу зауыттары бар өңірлерді реагенттермен 60%-ға қамтамасыз етуге және өнімді ТМД, Еуропалық Одақ, Таяу Шығыс және АҚШ елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді деп болжанып отыр.

2022 жылы Алматы облысында бройлер етін өндіру және қайта өңдеу бойынша толық циклді құс кешені ашылды («Прима Құс» ЖШС). Оның қуаттылығы жылына 35 мың тонна өнімді құрайды. Айта кетейік, Қазақстан құс өсірушілер одағының деректері бойынша республиканың құс етіне жыл сайынғы қажеттілігі – шамамен 300 мың тонна.

Жаңа жобалар ондығына Алматыдағы «QUWATT» ЖШС-нің электр жабдықтары мен құрамдас бөлшектерін (дизельді генераторлар, электр тарату қалқандары мен шкафтар, маңдайшалар, трансформаторлық қосалқы станциялар және т.б.) шығаратын кәсіпорын және Абай облысындағы «Қазполиграф» ЖШС буып-түю материалдарының кең спектрін шығаратын Қазақстандағы ірі өндіріс кіреді.

Қорытындылай келе, мемлекет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы соңғы 25 жылда жалпы сомасы 10,3 трлн теңгеден асатын 180 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетті. Сонымен қатар елімізде қаржылық, инфрақұрылымдық және консультациялық қолдау шараларынан бөлек, жалпы бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет негізсіз қойылатын талаптар мен тексерулердің күшін жою, салық рәсімдерін жеңілдету, кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін жаңа ынталандыру шараларын қабылдау бағытында да мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруде.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 20.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?