Органын беруге 1200 адам ғана келіскен.
Қазақстандағы транспланттау қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету үшін, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өкілдіктер құрылған. Елде қазір 40 донорлық стационар, транспланттау бойынша ота жүргізуге лицензиясы бар 7 транспланттау орталығы қызмет етеді.
Ересектердің арасында 3133 науқас донорлық бүйрек күтіп отыр. 168 науқасқа бауыр, 16 өкпе, 145 жүрек және 3 жүрек-өкпе кешенін қажет.
Олардың арасында кәмелетке толмаған балалар да бар. Мәселен, қазір 50 бала бүйрек, 7 бала бауыр, 7 бала жүрек пен 3 бала жүрек-өкпе кешенді органын күтіп отыр.
Бұл статистиканы Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы жариялады.
Соңғы мәліметтер бойынша 25 мыңға жуық қазақстандық eGov арқылы донорлыққа ниет білдірген. Алайда 1200 мың адам ғана келісім беріп, қалғаны донор болудан бас тартты.
Еліміздің eGov платформасында өлімнен кейін донор болуға келісім беру немесе бас тарту туралы өтініш формасы бар. Порталдың кез келген қолданушысы денсаулық сақтау бөліміне кіріп, аталған форманы толтыра алады.