Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақстанда 5000 АҚШ доллары мөлшерінде «Отбасылық капитал» бағдарламасын іске қосу ұсынылды
Қоғам

Қазақстанда 5000 АҚШ доллары мөлшерінде «Отбасылық капитал» бағдарламасын іске қосу ұсынылды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 09.11.2023
Обновлено 09.11.2023 в 10:11
Поделиться
Поделиться

Отбасында төртінші бала туылғанда немесе отбасыда ерекше бала болса 5 000 АҚШ доллары төленуі керек. Осылай деген депутат Гаухар Танашева ерекше балаларды тәрбиелеп отырған немесе көпбалалы отбасылардың мәселесін көтерді. 

Депутат премьер-министрге жолдаған сауалындда Қазақстанда 550 мың көпбалалы және 107 мың ерекше бала тәрибелеп отырған отбасы барын айтты. Олардың жартысынан көбі баспанасыз.

Біріншісі, денсаулығына қосымша қаражат қажет, екіншісі, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жасауымыз керек. Бізде қаншама аналар балаларын жетектеп не үй ала алмай, не бала еміне ақша таппай жүр,

деді депутат.

Танашеваның айтуынша, қазіргі біздің елімізде болып жатқан мәселелердің барлығы осы жоқшылықтың кесірінен. Қаншама ата-аналар осылай табыс табу үшін бірнеше жұмыста істеп балаларын үйде қараусыз қалдыруға мәжбүр.

Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын, тәрбиесін бірінші орынға қоюмыз керек. Біз жеріміз, еліміз бай деп мақтанамыз. Онда бұл мәселелер қайдан шықты? Атаулы әлеуметтік көмекті ала алмай, төмен айлық пен жәрдемақыны жеткізе алмай, несиеге батқан біздің халқымыз не істейді? Сондықтан біз осындай мәселелердің алдын алатындай шара жасауымыз керек. Ол халықтың емін-еркін күнкөруіне көмектесетін кез келген үкімет тарапынан көмек: айлық пен жәрдемақы мөлшерін көтеру, үй алу жолдарын қолжетімді жасау,

деп түсіндірді мәжілісмен.

Депутат мәлімдегендей, демографияны көтеріп, жатқан көпбалалы отбасылардың біразы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Танашева халық саны туралы мәліметтерді салыстыра отырып, Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері халық саны 16 миллионнан 20 миллионға, яғни 32 жылда 4 миллионға ғана өскенін айтты. Мәжілісмен демографиялық саясатты жүзеге асыруда қаржылық қолдау көрсетуге күш салып жатқан елдерді мысалға алды. 

Ресей мен Беларустың тәжірибесіне назар аударуымыз керек. Мысалы, Ресейде 2007 жылдан бастап жұмыс істей бастаған «Аналық капитал» бағдарламасы бар. Осы бағдарламаға сәйкес, бала туылған кезде отбасы 587 мың рубль, біздің ақшаға аударғанда 3 млн тг. мөлшерінде көмек  алады.  Беларустағы 2015 жылдан бастап енгізілген “Отбасылық капитал” бағдарламасы – үшінші немесе одан кейінгі балалар туылған, асырап алған кезде отбасыларға біржолғы қолма-қол қаражат мөлшері 10 мың АҚШ долларын, яғни 4 млн 650 мың тг құрайды,

деді ол.

Гаухар Танашева атап өткендей, бұл механизм тиімді және іс жүзінде өзінің нәтижесін көрсетті. Бірақ мұндай жүйені енгізу мүмкіндігі басқа елдердің оң тәжірибесіне қарамастан Қазақстанда әлі қарастырылмаған. 

Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары отбасында төртінші бала туылғанда немесе отбасыда ерекше бала болса 5 000 АҚШ доллары, яғни 2 млн 300 мың теңге мөлшерінде «Отбасылық капитал» бағдарламасын іске қосуды ұсынады. Бұл капитал үш бағытта жұмсалу жоспарланады. Бірінші, үйсіз жүрген отбасыларымыз баспаналы болу мүмкіндігі пайда болады. Екіншісі, білім ала алмай жүрген көпбалалы отбасынан шыққан балалардың арманы орындалады. Үшіншіден, бұл қаражатты отбасылар балаларының денсаулығын жақсартуға қолдана алады,

деп ұсыныс айтты Танашева.

«Отбасылық капитал» сияқты мемлекеттік қолдаудың мұндай жүйесін енгізу елімізде халық санын айтарлықтай арттырады және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қай жағынан болса да нақты көмек болады деп атап өтті мәжілісмен.

Анара Бауыржанқызы 09.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?