19 тамызда Нұр-Сұлтанда Педагогтардың республикалық тамыз конференциясы өтті. Жиында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбет қандай мектептер 5 күндік оқу форматынан ауысатынын айтты.
Келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп 5 күндік оқу форматына көшеді.
Біз осындай шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы керек деп есептейміз. Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады,
деді Асхат Аймағамбетов Педагогтардың республикалық тамыз конференциясында.
Министр бұл мұғалімдердің еңбек демалысына еш әсер етпейтінін айтты. Мұғалімдер бұрынғыдай 56 күн демалыс алады.
Барлық мектеп директорынан сенбі күні әдістеме күндерін өткізу практикасын өткізу үшін мұғалімдерді жұмысқа шақыруды доғаруды сұраймын. Мұғалімдер мен мектеп директорлары бес күн ғана жұмыс істеуі керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, білім бөлімдері осылай жұмыс істейді. Сондықтан біз биыл осындай шешім қабылдадық,
деді министрү
Оған қоса, енді мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатылады.
Мемлекет басшысы қолдауы арқасында мұғалімдер қажетсіз есептер мен міндетіне кірмейтін функциялардан босатылды. Мұғалімдер қазір министрліктің бұйрығына сәйкес, күніне екі-ақ құжат толтыруы керек. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз,
деді Асхат Аймағамбетов.