Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары елімізде 27, 28 және 29 қазандағы ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің мәліметінше, 27 қазанда еліміздің солтүстігінде жауын-шашын, ал 27-28 қазан күндері шығыс аймақта нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. Аптаның ортасында солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысып, жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендей түседі.

28 қазаннан бастап еліміздің батысына циклон ықпал етіп, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 27 қазанда оңтүстікте, 27-28 қазанда оңтүстік-шығыста атмосфералық фронталды жүйелердің өтуіне орай жауын жауады: таулы аймақтарда нөсер жауын (жаңбыр, көктайғақ) жаады. Республика бойынша жел күшейіп, батыс, солтүстік және шығыста көктайғақ болып, тұман түседі.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:

  • батыста ауаның температурасы түнде 8 градус аяз – 7 градус жылыдан 2 градус аяз 8 градус жылыға дейін көтеріледі, ал күндіз 3-15 градустан 2-10 градусқа дейін төмендейді.
  • солтүстік-батыста түнде 10 градус суық 5 градусқа дейін жылып, күндіз 5 градус суық 5 градусқа дейін жылиды.
  • солтүстікте температура 5 градус суық 5 градусқа дейін жылиды күндіз 3-5 градустан 0-5 градус аязға дейін аздап құбылады.
  • орталықта 8 градус аяз 6 градусқа дейін жылиды, 3-13 градус аяз болады, күндіз 5 градус аяздан 10 градусқа дейін жылиды.
  • шығыста түнде 5 градус аяз 5 градусқа дейін жылып, 3-12 градус аязға дейін төмендейді, күндіз негізгі фон 5-12 градус жылыдан 6 градус аяз 2 градус жылыға дейін сақталады;
  • оңтүстікте түнде 3 градус аяз 8 градус жылы болса, күндіз 2-10 градустан 7-15 градусқа дейін жылиды;
  • оңтүстік-шығыста түнде 8 градус аяз — 10 градусқа дейін жылып, 10 градус аяз – 5 градусқа дейін жылиды, күндіз 2-15 градус жылы 5 градус аяз 10 градус жылыға дейін төмендейді.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

6 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago