Categories: Экономика

Қазақстанда қандай шарттармен ипотекаға үй алуға болады

Қазақстандық барлық дерлік банктерде ипотеканың бірнеше түрі бар – стандарттыдан бастап бастапқы жарнасыз және кепілсіз несиелерге дейін. Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19%-дан 22,5%-ға дейін. Сонымен қатар, несиенің максималды сомасы клиенттің төлем қабілеттілігіне байланысты болуы мүмкін. LS порталы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық шарттарына шолу жасады.

Халық банкі

Ипотека пайдалануға дайын жылжымайтын мүлікті, жеке құрылыс үшін жер учаскелерін сатып алуға, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеуге беріледі. Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін, ал бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20%-ын құрайды. Несиені қаржы ұйымының бөлімшесінде рәсімдеуге болады. 

Центр Кредит банкі

Несие бастапқы және қайталама нарықтарда үй сатып алу үшін беріледі. Бұл ретте табысты растайтын және бастапқы жарнасы 20%-дан 30%-ға дейінгі сегмент үшін тұрғын үй құны бойынша шектеулер бар. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Өскемен үшін – 40 млн теңге, ал қалған өңірлер үшін – 25 млн теңге.

Сондай-ақ, банкте бастапқы жарнасыз ипотека бар, бірақ оны алу үшін пәтерді немесе тұрғын үйді кепілге қою керек. Бұл қарыз алушының үйі ғана емес, оның туысы немесе жақын адамы болуы мүмкін. Сонымен қатар, кепілге қойылған мүліктің орналасқан жері маңызды емес, алайда белгілі бір талаптарға сай болуы тиіс. Бұл ипотека Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.

Жалпы, әрбір ипотека бойынша несиелеу мерзімі 15 жылдан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 80-100 млн теңгеге дейін, ал бастапқы жарна – 20%-дан.

ForteBank

Қарыз 20 жылға дейінгі мерзімге жылжымайтын мүлік кепілімен беріледі. Бастапқы жарна 15%-дан асады. Несиелеудің ең жоғарғы құны – 50 млн теңге.

Аltyn Bank

Банкте ипотеканың бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы үшін мерзімі 20 жылға дейін, ал бастапқы жарна 20%-дан басталады. Олардың бірі елордада (30 км радиуста), Алматыда, Шымкентте, Атырауда және Ақтауда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін беріледі.  Несие сомасы – 175 млн теңгеге дейін. Тұрғын үй несие қосымшаның көмегімен немесе банк бөлімшесіне өтінім жіберу арқылы рәсімделеді.

Сондай-ақ, «Оңай цифрлық ипотекасы» бар, оның көмегімен салынып жатқан кешендердің бірінен 80 млн теңгеге дейінгі сомаға пәтер сатып алуға мүмкіндік бар.

Freedom Bank

Қаржы институтында цифрлық қайталама тұрғын үй ипотекасы бар. Оны клиенттер 21 жастан бастап, бірақ қарыз мерзімі аяқталған кезде 63 жастан аспайтын мерзімде ресімдей алады. Несие алу үшін 30% бастапқы жарна төлеу керек. Несиелеудің ең ұзақ мерзімі – 15 жыл.

1965 жылдан кем емес көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғын үй қайталама жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылады. Пәтердің ең төменгі ауданы кемінде 29 шаршы метр болуы тиіс. 

Сонымен қатар, бұрын Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов қайталама нарықта тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерін толығымен онлайн тіркеуге мүмкіндік беретін платформаны таныстырған болатын.

Нұрбанк

Банкте 50 млн теңгеге дейін несие мақұлдай алады. Бастапқы жарна 30%-дан басталады. Сондай-ақ, «Нұр Шаңырақ» бағдарламасы бар, оның көмегімен банктің кепілінде немесе балансында тұрған тұрғын үйді сатып ала алады. Шарттардың ішінде – мүлік құнының 90%-ға дейінгі сомасы, сондай-ақ бастапқы жарнаны – 10%-зы  болуы керек.

Қазақстанда сондай-ақ, Al Hilal банкі беретін исламдық ипотека бар. Алайда, қазіргі уақытта банк несие беруді уақытша тоқтатты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago