Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанда арақтың бәрін кім ішіп жүр?
Экономика

Қазақстанда арақтың бәрін кім ішіп жүр?

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 13.03.2023
Обновлено 09.12.2023 в 12:12
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Былтыр күшті спиртті сусындар сатылымы рекордтық көрсеткішке жетті — оны сатып алып жатқандар қазақстандықтар ғана емес, дейді energyprom.kz.

2022 жылы қазақстандық дүкендерде 139,9 млн литрден астам арақ, коньяк және спирт сатылды. Бұл елдегі күшті алкогольдік өнімдер нарығын статистикалық бақылау тарихындағы абсолютті рекорд. 2021 жылмен салыстырғанда ішкі нарықта осы санаттағы алкоголь өнімдерін сату көлемі 90,4% өсті.

Нарықтағы тұтынудың мұндай ауқымды өсуінде арақ және арақ-ликер өнімдер басты рөл атқарды. Олардың сатылымы физикалық түрде екі еседен астам, яғни 44,2 млн литрден 90,1 млн литрге дейін өсті. Спирт сатылымы да өсті, бірақ салыстырмалы түрде көп емес: 29,3 млн литр (68,1% көбейген). Олар сондай-ақ коньяк сатылымы да көбейді: 20,5 млн литр, 73,5% артқан.

Күшті спирттік ішімдіктер сатылымы көбейгенде басқа алкоголь түрлері айтарлықтай сұранысқа ие болмады. Былтыр шарап 26,9%, шампан — 28%, сыра — 1,9% аз сатылды. Айтпақшы, сатылым жағынан сыра сөзсіз көшбасшы. Былтыр сыра әуесқойларына бөтелкелеп, банкалап және бөшкелеп жалпы көлемі 756,1 млн литр сатып алған.

Қазақстанда алкогольге деген сұраныстың осылай күрт артқанын түсіндіретін бірден-бір фактор — сатып алушылардың, оның үстіне арақ пен коньякты қазақстандықтарға қарағанда көбірек ішетіндердің санының күрт өсуі. Атап айтқанда, Қазақстанға екі толқынмен үдере көшкен ресейліктердің пайда болуы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне сәйкес, ресейліктер қазақстандықтарға қарағанда екі есене жуық көп ішеді (жан басына шаққанда).

2022 жылы Қазақстанға ересек, экономикалық белсенді ресейліктер көп келді. Бұған дейін жазғанымыздай, ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанның мемлекеттік органдарына ЖСН алу мақсатында мемлекеттік қызмет алуға жүгінген Ресей азаматтарының саны 733,7 мыңнан асты. Ал бұл статистикада Қазақстанға үш айдан аз мерзімге келіп, ЖСН алуға, банк картасын ашуға, жұмыс іздеуге әрекеттенбегендер есепке алынбаған.

Алкогольді сусындардың бірде-бір түрі бойынша Қазақстан ішкі нарық қажеттілігін толық өтей алмайды. Шампан өндірушілер ғана ішкі нарықтың көбірек бөлігін жабады. Мерекелік сусын саналатын шампан сатылымының 96,4%-ы ішкі өндіріс болса, тек 3,6%-ы ғана импорт. Сыра қайнатушылар да импортты толық алмастыруға жақын: сатылған сыраның 92,4%-ы отандық өнім, 7,6%-ы импорт.

Арақ-ликер өндірісі де жаман емес. Елімізде сатылған барлық ликер мен арақтың 84,8%-ы отандық өнім болса, 15,2%-ы импорт. Бұл өнім сыртқа да экспортталады, бірақ мардымсыз: бар болғаны 1,9%-ы.

Былтыр алкогольге деген сұраныстың артуы өндірістің де, импорттың да өсуі есебінен қанағаттандырылды. 2022 жылы елде 121,1 млн литр спиртті сусын өндірілді, бұл екі есеге жуық (98,7%) өсім. Сонымен қатар, 2021 жылмен салыстырғанда арақ пен ликер бірден 2,1 есе, ал коньяк 83,7% көп өндірілген. Сыра және шампан өндірісі азайды.

Сұраныс өскендіктен импорт та ұлғайды. Жалпы, былтыр елімізге 33,8 млн литр күшті алкоголь әкелінді (52,5% көбейген). Бұның жартысына жуығы арақ (14 млн литр, 45,4% көбейген).

Тұтынудың орасан зор өсуі және сонымен бірге шарықтаған инфляция аясында спиртті сусындар да күрт қымбаттады. 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында орташа есеппен алкоголь өнімдері 14,8% қымбаттады, ал өткен жылдары мұндай тауарлардың тұтыну бағасының индексі 7%–10% аралығында өзгерген.

Ең қатты қымбаттаған алкогольді сусын сыра: 18,9%. Баға өсімі бойынша екінші орында арақ: 13,8% қымбаттады. Олармен салыстырғанда шарап қатты қымбаттамады: 11,6%.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Арман Ерғалиев 13.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?