Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанда азық-түлік қатты қымбаттауда
ЭкономикаТеңге бағамы

Қазақстанда азық-түлік қатты қымбаттауда

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 16.02.2024
Обновлено 16.02.2024 в 02:02
Поделиться
Поделиться

ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда.

Қазақстан екінші жыл қатарынан азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар инфляциясы бойынша ЕАЭО-да бірінші орында. Елімізде азық-түлік одақтағы ең қымбат болмағанымен, басқа елдермен салыстырғанда қаттырақ қымбаттап келеді. Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) дерегі былтыр қаңтар–желтоқсанда ҚР-да тұтынушылық азық-түлік тауарларының бағасы 15,2%, ал жалпы ЕАЭО бойынша бар болғаны 5,7% өскенін көрсетті. 2022 жылдың соңында жағдай ұқсас болды: жалпы одақ бойынша азық-түлік 15,4% қымбаттағанда Қазақстанда бағаның 19% қымбаттаады.

Дегенмен, Қазақстан азық-түліктің қымбаттауында барлық түрінен бірінші орында емес, көбінде ғана. Бағасы ең жылдам өсетін бағалар тізімінде ет, сүт өнімдері, жарма, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер бар. Бір қызығы, осы санаттардың көпшілігінде Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және импортқа тәуелді емес. Мәселен, ҚР-да сүт және сүт өнімдері былтыр 21,1% қымбаттады. Бір жылдағы баға өсімінде Қазақстан одақтас елдерді артта қалдырды. Ресейде сүт бар болғаны 2,6%, Беларусьте — 9%, Қырғызстанда — 10,4%, Арменияда — 4,3% қымбаттады. Мал шаруашылығы өнімдері бағасының динамикасындағы үлкен айырмашылық тіпті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сату бағасы деңгейінде де байқалады. ЕЭК сарапшыларының бағалауынша, былтыр ЕАЭО-да мал шаруашылығы өнімдерінің құнының өсуі 4,3%, Қазақстанда 7,2% деңгейінде болды.

Қазақстандағы жарма, нан, ұн, макарон және кондитер өнімдерінің қымбаттауы да одақтың жалпы инфляция жағдайынан айтарлықтай ерекшеленеді. Астықтың негізгі экспорттаушысы республика ел ішінде ұн бағасының өсуін ұстай алмайды. Соңғы бір жылда ұн бағасы 14,4% өсті, ал жалпы ЕАЭО бойынша бағаның тіпті шамалы — 1,4% төмендеуі байқалды. ЕАЭО-ның әртүрлі елдеріндегі осы стратегиялық өнімге орташа тұтынушылық бағаларды салыстыра отырып, 2023 жылғы желтоқсанда ең қымбат ұн Арменияда сатылғанын атап өтуге болады: килосына шамамен 1 АҚШ доллары. Қазақстан да артта қалған жоқ: бізде өткен жылдың соңында бір келі ұнның бағасы 0,9 АҚШ доллары болды. Бір кило ұнның ең арзан бағасы Беларусьте болды: бар болғаны 0,5 АҚШ доллары.

ЕЭК статистикалық есептері қорытынды жасауға мүмкіндік береді: Одақ елдерінің ішіндегі ең қымбат өнім Арменияда, ең арзаны Беларусьте. Қазақстанда азық-түліктің тұтыну бағасы орташа деңгейде және ресейлік бағаға жақын.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да Қазақстанда баға өсімінің жоғары қарқыны байқалады. Соңғы бір жылда бұл санаттағы өнімдер ҚР-да 14,8%, ал жалпы ЕАЭО бойынша 5,5% ғана қымбаттады. Баға бәсекесінде екінші орында Қырғызстан (13,3%), Ресей үшінші орында (4,2%) болды.

Бағаның өсу қарқыны бойынша біздің еліміз дәрі-дәрмектен басқа барлық негізгі тауар түрлері бойынша алда. Қазақстан мен оның көптеген көршілері арасындағы алшақтық байқалады. Мысалы, Ресейде жиһаз бағасы 2023 жылы 1,6% өссе, Қазақстанда — 20,4% өсті. Қаңтардың соңында еліміздің жиһаз өнеркәсібінде өндіріс көлемі артып жатқанын жазған болатынбыз. Импорттың жоғары қарқынына қарамастан отандық компаниялар ішкі сұраныстың үлкен бөлігін өз өнімдерімен жабуға кірісті.

Қазақстанда автокөлік жанармайының бағасы көршілеріне қарағанда әлдеқайда жылдам өсіп келеді, бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі шығындардың өсуіне де әсер етеді. Мысалы, дизель отыны былтыр 27,1% (ЕАЭО-да — 10,4%), бензин — 9,5% (ЕАЭО-да — 4%) қымбаттады.

Қазақстандағы инфляцияның динамикасын ай сайын қарастыратын болсақ, соңғы бір жылда оның қарқыны біртіндеп төмендегенін атап өтуге болады. 2022 жылы жағдай нашар болды. Бұл қаңтар айындағы азық-түлік тауарларының жылдық инфляциясын салыстырған кезде индикатор. ҚР СЖРА Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, биыл бірінші айда ҚР-да азық-түлік тауарлары 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,2% қымбаттады. Былтыр жыл басында дәл осындай көрсеткіш 25,7% болатын. Бұл азық-түлік емес инфляцияға да қатысты. 2024 жылдың қаңтарында осы санаттағы тауарлар бір жылда 8,6%, ал былтыр жыл басында 20,2% қымбаттады.

Статистика мамандары азық-түлік инфляциясының өсу қарқынының төмендегенін атап өткенімен, қазақстандық отбасылардың азық-түлікке жұмсаған шығындарының үлесі жоғары болып қалуда. Былтыр үшінші тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсалған шығын Қазақстандағы үй шаруашылықтарының барлық тұтынушылық шығындарының 55,3%-ын құрады. Бір жыл бұрын олардың үлесі 54,8% деңгейінде қалды.

ТЕГи: Главное, Қазақстан, Экономика
Сайт Әкімшілігі 16.02.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?