Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақстанда бала туу қарқыны қандай – сарапшылар еліміздің демографиясына болжам жасады
Қоғам

Қазақстанда бала туу қарқыны қандай – сарапшылар еліміздің демографиясына болжам жасады

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 17.11.2023
Обновлено 17.11.2023 в 12:11
Поделиться
Поделиться

Мамандар қазақ отбасыларында балалы болу қалыпты үрдіске айналғанын айтады. Тіпті 40-тан асып, бала босанатындар бар. 

КТК арнасының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан перинаталдық орталығының босану бөлімінде бос орын жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, бұрын-соңды мұндай қарқын болмаған.

Үшінші ұлды дүниеге әкелдім. Күйеуім екеуміз көп балалы болуды шештік, бала ешқашан көптік етпейді. Бұл керісінше, жақсы, өмірде бір-біріне көмектесіп жүреді. Келесіде міндетті түрде тағы келемін, қызды болуым керек,

дейді Нәзигүл Нұрмұқанова.

Қазір жасы 40-тан асқандар да ондаған жылдардан кейін перзентханаларға қайта оралуда. Өмірлік тәжірибесі бар ата-аналарға заманауи медициналық технологиялар қолдау көрсетуде.

Мен тағы бір қыз туғым келген, бірақ ұл таптым, Құдай маған ұл берді. Үйіміз шаттыққа толып, балалардың күлкісіне толы болса екен деймін. Бес жылдан кейін қыз босану үшін келсем екен деген ой бар,

деді Диана Богатырева.

Ал дәрігер 40-50-жаста босану қалыпты үрдіске айналып отырғанын айтады.

Қазір жаңа “тренд” шыққан. Бізге келетін жүкті әйелдердің үштен бірінің жасы 40-тан асқандар. Жақында бір әйел болды, 51-де, балалары 20 жастан асыпты. Күйеуі екеуі төртінші баланы дүниеге әкелуге бел буған. Жасанды ұрықтандырудың көмегімен бәрі жақсы өтті. 51 жасында 51-52 жастарынада олар қайтадан ата-ана атанды,

деді Солтүстік Қазақстан облысы перинаталдық орталығының босанғаннан кейінгі бөлімшесі басшысы Сәуле Мұстафина.

Алайда әлі де оңтүстік өңірлер бала туу бойынша көш бастап тұр. Солтүстік Қазақстанда бір жылда туатын бала саны Түркістан облысында бір айда туады екен. Яғни СҚО-да бір жылда, ал Түркістан облысында бір айда 6 мың нәресте дүниеге келеді. 

БҰҰ 2050 жылы Қазақстан халқының саны 25 миллион болады деп болжаған. Біздің халық жас саналады, орташа жасы 30-дан сәл асқандықтан, елде бұл өсім жалғаспақ. Бірақ демографтардың болжамдары көңіл көншітерлік емес. Сарапшылар жастардың құндылықтары басқа болғандықтан, бала туу қарқыны бәсеңдейтініне сенімді.

Бұл тенденциялар осылай сақталады деп айта алмаймын. Қазір 80-жылдардағылар ұрпақ көбейтіп жатыр. Ал 90-жылдағылардың саны аз. Сондай-ақ олар мансап, білім, өзін-өзі дамыту дегенге көп басымдық береді,

деп мәлімдеді демограф Аяулым Сағынбаева.

Қазіргі таңда Қазақстанда күніне 750 сәби дүниеге келеді. Алайда карантиннен кейінгі 2021 жылдағы бала туу саны рекорды әлі жаңартылмады. 2021 жылы жарты миллионға жуық бала дүниеге келген.

 

Анара Бауыржанқызы 17.11.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?