Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Экономика > Қазақстанда балық қымбаттап барады
Экономика

Қазақстанда балық қымбаттап барады

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 22.08.2023
Обновлено 22.08.2023 в 12:08
Поделиться
Фото: 1pokopcheniyu.ru
Поделиться

Елімізде балық пен теңіз өнімдері өндірісі өсті. 2023 жылғы қаңтар–шілдеде жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірісі 27,3 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% артық.

Дайындалған немесе консервіленген балық, сондай-ақ уылдырық және оның алмастырғыштар өндірісі биыл қаңтар–шілдеде 7,8 мың тоннаны құрап, былтырғымен салыстырғанда бірден 37,7% өсті.

Қазақстанда 2023 жылдың бірінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,4 килоны құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,3% төмендеді.

ҚР өңірлері арасында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну айтарлықтай өзгерді. Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бір адамға орта есеппен 4,8 кило. Одан кейін Атырау (4,5 кило), Солтүстік Қазақстан (4,4 кило) және Батыс Қазақстан (4,4 кило) облыстары келеді. Бұл ретте Шымкентте тұтыну бір тұрғынға небәрі 1,5 килоны құрады. Маңғыстау (2,4 кило), Ұлытау (2,9 кило) және Ақтөбе (2,9 кило) облыстарында да көрсеткіш аз.

Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы 2023 жылғы шілдеде бір айда 0,4%, бір жылда бірден 18,7% қымбаттады. Айта кетейік, бір жыл бұрын баға өсімі 18,8% болған.

Сектордағы бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында байқалды: бір жылда бірден 37,4%. Одан кейін Маңғыстау және Павлодар облыстарында: әрқайсысында 28,1%. Бағаның ең аз өсімі Батыс Қазақстан (8,1%) және Солтүстік Қазақстан (12%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (12,7%) байқалды.

Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық пен теңіз өнімдерінің бағасы айтарлықтай өсті: бір жыл өсім 12,2% болса, биыл 20,7%.

Шілде айының қорытындысы бойынша, өңделген және консервіленген балық бір жылда 16,2% қымбаттаса, бір жыл бұрын бірден 25,5% қымбаттаған.

ТЕГи: Қазақстан, Экономика
Арман Ерғалиев 22.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?