Қазақстанда бедеулікке шалдыққан жастар көбейді

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 15%-ы бедеулікке шалдыққан.

Осыған байланысты мамандар ерлер мен әйелдерде ұрық сапасының нашарлағанын айтып, дабыл қағады. Сонымен қатар жастардың ерте жыныстық қатысқа түсуінен түрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі жоғарылайды. Ал ол бедеуліктің белең алуына әсер етеді екен. Сондай-ақ ерлер белсіздігі де өзекті мәселеге айналған. Десе де технология заманында бедеулікті емдеудің әдістері бар.

Қазір орташа есеппен бедеулік жиілігі – 15% және бұл көрсеткіштің өздігінен азаю үрдісі байқалмайды. Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеу жолдарын іздеуге көмектеседі. Бедеуліктің 40%-дай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесі жұмысына байланысты. Ал аралас бедеуліктің жиілігі 30%-ды көрсетеді.

Алматыда алдыңғы қатарлы ғылыми және клиникалық орталық жетекшілері, Қазақстан, Португалия, Ресей, Беларусь, Израиль, Ұлыбритания, Жапония, АҚШ, Украина, Франция, Үндістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінің репродуктивті технологиялар саласының озық мамандары бас қосты.

Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы репродуктологияның басты мәселесі – медициналық көмектің қолжетімсіздігі.

Еуропалық стандарт бойынша 1 миллион тұрғынға жасалатын эсктракорпоральды ұрықтандыру жиілігі 1000-1500 арасында болуы керек. Демек, бізге 20-25 мың ЭКҰ жасау қажет. Қазір 15 мыңын іске асырамыз, оның 7000-ы ғана бюждет қаржысына жасалады. Әйел жүктілігі үшін орташа есеппен ЭКҰ-дың 3 бағдарламасы керек, өкінішке қарай, әйелдерге жылына тек бір ғана мүмкіндік беріледі,

деді ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Вячеслав Локшин.

Қазіргі уақытта бала сүйгісі келетін аналараға квота алу жеңілдеген. Бұрындары 5-10 жылдап кезек күтсе, қазір квота 2-3 айда беріледі. Алайда бұл жеңілдік бәріне жете бермейді. Өйткені табиғи жолмен нәрестелі бола алмай, кезек күткендер саны көп.

Бедеулік жыныс пен жас талғамайды. Мамандардың сөзінше, әрбір екінші жұп еркектердің бедеулігінен бала сүйе алмай отыр.

Тағы бір өте өзекті мәселе – еркектердің бедеулігі. Бізге жүгінетін әрбір екінші жұп – ерлер факторынан зардап шегетін адамдар. Олар тәжірбиелі андрологтарға қаралуы керек. Мұндай андрологтар біздің клиникаларда бар. Ерлер бедеулігін емдейтін технологиялар да бар,

деп қосты Вячеслав Локшин.

Мамандар елімізде бедеуліктің түрлі формасын емдейтін көптеген әдістер бар екенін айтады. Мәселен, соңғы жылдары дәрілердің түрлері өзгеріп, қажетті медициналық құрал-жабдықтар жыл сайын жаңартылады екен. Одан бөлек, жасанды ұрықтандыру кезінде жатырға салынатын эмбрионды «жасанды интеллект» таңдайды.

Ұрықтың даму қабілетін бұған дейін эмбриолог маман анықтап келсе, енді «эмбриоскоп» деп аталатын жаңа құрылғы арқылы ұрықтың сапалы немесе сапасыз екенін білуге болады. Сондай-ақ репродуктологтар жастарға отбасын құрмай тұрып, генетикалық диагностика жасауға кеңес береді.

Бүгінге дейін Қазақстанда «шыны түтіктегі» 29 200 бала өмірге келген.  2021 жылы 1400 КРТ бағдарламасы орындалған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago