2022 жылдың қазан айында Қазақстандағы айлық инфляция 1,6%, жылдық инфляция 18,8% құрады, деп хабарлайды LS.
Ақпаратқа сәйкес, қазан айында 2022 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер әрқайсысы 1,7%-ға, азық-түлік тауарлары 1,4%-ға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде жуу және тазалау құралдарының бағасы ең көп көтерілді – 5%, киім мен аяқ киім, жеке тауарлар, тұрмыстық тауарлар 2,1%-ға, ыдыс-аяқ 1,9%-ға, тоқыма бұйымдары 1,7%-ға қымбаттады. Тас көмір 2,1%-ға, отын 1,7%-ға өсті.
Өткен айда ақылы қызметтерге баға деңгейі 1,7%-ға көтерілді. Қонақ үй қызметтеріне бағаның 6%-ға, кешенді демалыс ұйымдарына – 4%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 3,3%-ға, моншаларға – 3%-ға, балаларды дамыту орталықтарына – 2,9%-ға, қоғамдық тамақтандыру қызметі – 2,2%-ға қымбаттады.
Азық-түлік тауарларының бағасы 2022 жылғы қазанда 1,4%-ға өсті. Оның ішінде қызанақ 21%-ға, қияр 14,7%-ға, жұмыртқа 6,3%-ға, балық пен теңіз өнімдері 2,3%- ға, тоқаш және ұн өнімдері 2,2%-ға, алкогольсіз сусындар 1,9%-ға, ірімшік пен сүзбе 1,8%-ға қымбаттады. Керісінше, сәбіз – 5,6%, қызылша – 5,5%, пияз – 5,1%, картоп – 3,5%, қырыққабат – 2,6%, құмшекер 2,3%-ға арзандады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айда жылдық инфляция 17,7% құраған болатын.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…