Өткен аптада ел аумағында 2 514 қылмыс жасалды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты.
Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2 514 қылмыс жасалды, оның 1 570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар 23 тонау, 351 мүлік ұрлау қылмысы ашылды,
деді Шұғыла Тұрлыбек.
Министрлік мәліметінше, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде елімізде қылмыс саны азайып келеді.