Денсаулық

Қазақстанда депрессияға ұшыраған адам көп

Елімізде психологиялық дертке шалдыққан науқас саны көбейіп барады. Былтыр бақылауда 10 мың адам тұрса, биыл бұл көрсеткіш 20 процентке өскен. Дәрігерлер бұл дерт, әсіресе, күз айында қозатынын айтады.

Біз айтып жүрген «күздегі күйзеліс» осы ауытқудың бастапқы белгісі көрінеді. Ал ол асқынса депрессия деменцияға айналып, адам ақыл-есінен айырылады. Сондықтан мамандар осы мезгілде көңіл-күйдің орнында болуы маңызды дейді. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.

Елімізде психикалық аурудың ең көп тараған түрі – депрессия. Бұрын қазақта мұндай сөздің де, аурудың да болмағаны анық. Бірақ соңғы кезде осы терминді жиі еститін болдық. Үлкендер мұндай дерттің барына сенбей, жәй «еріккеннің ермегі» деуі мүмкін. Бірақ дәрігерлер оның барын жоққа шығармайды. Күйзелістің адам өміріне өте қауіпті екенін айтады. Тіпті, Қазақстан «депрессияға ұшыраған» мемлекеттер арасында алдыңғы қатарда тұр – дейді.

Дәрі қолданбай-ақ жазылуға болады. Бірақ маусымдық аффективтік бұзушылық жағдайы ұзақ уақытқа созылса, міндетті түрде дәрігердің қабылдауына баруға кеңес беремін. Біреудің көңіл-күйі болмайды, енді біреу жылағысы келеді. Ол ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен болып жатқан шығар. Дәрумен тапшылығы адамның көңіл күйі мен психоэмоционалдық жағдайына тікелей әсер етеді,

дейді дәрігер Жәнел Ілияс.

Күн қысқарып, түн ұзаруы, жарық мөлшерінің азаюы адамға кері әсер етуі мүмкін. Жазғы демалыс бітіп, жұмыс кестесіне ауысу да — уайымға салынуға бір себеп. Бұл психологтардың пікірі. Мамандар күзгі хандраға көбіне созылмалы соматикалық аурумен ауыратын, стреске жиі ұшырайтын, меланхолия типті адамдар бейім болады – дейді.

Күз мезгілінде көп адамдар депрессияға түсіп жатады. Псизологтарға келетін адам саны да сол мерзімде көбейе түседі. Өйткені сол уақытта адамдар көңіл-күйі болмай жатады, белгілі-бір мәселені шешуде қиналып жатады. Себебі ішкі мотивация жетіспейді,

дейді психолог Анаргүл Ибрайымбекова.

Күздегі күйзелістің басты себебі – күннің жетіспеуі. Адам шуақтан түсетін Д3 витаминін алмағаннан кейін түрлі ауруға ұшырауы мүмкін. Мамандар одан шығудың бір жолы – өзгеге қуаныш сыйлау, -дейді. Осы арқылы жаман энергиядан арылуға болады.

Жылдың осы мезгілінде жеткілікті ұйықтау өте маңызды. Дәрігер кешке компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын ескертті. Ал психотерапевт күздегі әлсіздік пен көңілсіздік әсерін жеңу үшін тұрғылықты жерін өзгертуге кеңес береді. Дене қозғалысын да ұмытпаған жөн. Сол үшін күніне кемі 10 000 қадам жүрген жөн — дейді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

13 часов ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

1 день ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago