Қоғам

Қазақстанда депутаттардың қос азаматтық фактілері анықталды

Қазақстанда мәслихат депутаттарының қос азаматтық фактілері анықталды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жалпы отырыста анықталған деректерді келтірді:

2022 жылы қос азаматтықтың 841 фактісі анықталды. Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 қос азаматтығы бар тұлға белгілі болды. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті өкілді органдардың депутаттары да болған жағдайлар бар, 

деді Мәулен Әшімбаев.

Оның айтуынша, мұндай заң бұзушылықтармен күресу керек.

Осы және басқа да қол қойылған келісімдер Қазақстан Конституциясының орындалуын қамтамасыз етеді деп үміттенеміз,

деп қосты ол.

Ал Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қос азаматтыққа тыйым салынғаны Конституцияда анық жазылғанын, ол тек қағаз жүзінде ғана іске аспайтынын айтты. 

Біріншіден, қағаз жүзінде емес. Конституцияда қос азаматтыққа тыйым салынғаны анық жазылған. Біз ақпарат жіберіп, тиісті деректерді аламыз. Ал Қытай тарапы Қытай Республикасының азаматтығын алған бұл азаматтарға ешқандай сұраусыз ақпарат беретін болады,

деді Ішкі істер министрінің орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қос және екінші азаматтыққа тыйым салынған. Конституцияға сәйкес Қазақстан азаматы басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды. Егер қазақ азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ол Қазақстан азаматтығынан айырылады.

Сенат «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago