Қазақстанда электрон темекі мен вейпке тыйым салынуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуі бойынша 11 жастан 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электрон темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен.

«Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының тұжырымдамасы берілген. Құжатта электронды темекі айналымына тыйым салу нормасы ұсынылған.

Қазақстанда вейптер бақылаусыз, барлық жерде қолжетімді бағамен, жасөспірімдер мен жастарға сатылып жатыр. Сондықтан елдегі өсу қарқыны жоғары. Әрбір бөлшек сауда дүкенінде бір вейптің бағасы 2000 теңгеден аспайды

, — делінген хабарламада.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде вейптерді сатуға, ашық көрсетуге, оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

Жасөспірімдер мен балалар арасында вейптерді көп тұтынып, елде вейпинг індетіне шалдыққандар көп болғандықтан электрондық темекілерді таратуға, сатуға тыйым салу туралы ережені енгізу ұсынылды.

— делінген жарияланған құжатта.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago