Григорий Лепс шілдеде Қонаев қаласында концертін өткізуді жоспарлап отырған еді. Лепстің концертіне қарсы шыққан қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қаржыландыру мүмкіндігіне наразы болды. Соғысты қолдайтын путиншіл пропогандистердің Қазақстанға келуі қаншалықты дұрыс?
Бұған дейін Лепс және Ресей Федерациясының басқа әртістері украин әскери техникасын жойғаны үшін сыйақы уәде еткен.
Григорий Лепстің қойылымын ұйымдастыру үшін өзінің концерттік алаңын ұсынған Makao Luxury Village Resort концертті ұйымдастырушылармен келісімді біржақты тәртіппен бұзу туралы шешім қабылдады. Билеттерді қайтару оларды сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ұйымдастырушы тарап.
