Categories: Денсаулық

Қазақстанда хиджамаға тыйым салынған — Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі Атырауда нәрестеге хиджама жасаған орталыққа қатысты тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметниязованың айтуынша, хиджама орталығында заңсыз медициналық қызмет көрсету фактісі анықталды.

Хиджаманың медбике жасаған. Оның тиісті лицензиясы да, клиникалық қызметке рұқсат беретін куәлігі де болмаған. Тексерістің нәтижесі бойынша айыппұл салынды. Қазіргі кезде барлық материал прокуратураға және полиция департаментіне жіберілді. Сондай-ақ, біз ол материалдарды ювеналды полицияға беруді жоспарлап отырмыз,

деді Ахметниязова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, дәстүрлі емес медицинаның кейбір қызметтеріне рұқсат бар. Бірақ хиджама ол тізімге кірмейді. Қазақстанда оған лицензия берілмейді. Сол себепті орталыққа медициналық қызметі үшін айыппұл салынды. Қазір комитет аймақтық департаментпен бірге сотқа арыз түсіруге дайындалып жатыр.

Біз орталықтың дәл осы қызметіне тыйым салуды талап етеміз,

деп атап көрсетті Ахметниязова.

Айта кетері, қаңтардың соңында әлеуметтік желіде нәрестеге хиджама жасаған видео тарады. Әлеуметтік желіде сәбидің өміріне алаңдаған халық шулап кетті. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago